27
Шілде

Дания Еспаева бастаған «Ақ жол» Демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы «ҚАИК» зауытының еңбек ұжымымен кездесті

Көкшетаудағы жұмыс сапарының екінші жартысында «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева бастаған үгіт-насихат тобы ҚАИК (Қазақстан аграрлық-инновациялық корпорациясы) зауытының еңбек ұжымымен кездесті.

Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласында жұмыс істейтін бұл кәсіпорынмен бұрынғы сапарларымыздан жақсы таныспыз, сондықтан Дания Еспаева оның тыныс-тіршілігімен етене таныс. Айта кетерлігі, соңғы 5-6 жыл ішінде зауытқа 20 миллион доллардан астам инвестиция құйылып, өндіріс қуаты мен айналымы айтарлықтай артқан.

Бүгінде ҚАИК өнімнің жаңа түрлері мен технологиялық процестерді белсенді түрде меңгеріп, Отандық тауар өндірушілер тізіліміне енді. Кәсіпорын шығаратын комбайндар, тракторлар және аспалы жабдықтардағы қазақстандық үлестің көлемі шамамен 40%-ды құрайды.

Зауыт ұжымымен кездесу барысында Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төмендегі бағыттарда атқарып жатқан жұмыстарына кеңінен тоқталды: отандық өндірушілердің мүддесін қорғау; азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, адами капиталды дамыту, инфляция, халықтың несиелік жүктемесін азайту, міндетті медициналық сақтандыру және зейнетақымен қамту жүйелерін дамыту мәселелері бойынша қойылған сауалдарға тұщымды жауап берді.

Пікіралмасу кәсіби деңгейде әрі өте мазмұнды өтті. Бір қызығы, бұл ұжым қызметкерлерін тек әлеуметтік мәселелер (жалақы, бағаның өсуі, несие, денсаулық сақтау) ғана емес, тікелей өндірістік жағдайлар да қатты алаңдатады екен. Бұл жұмысшылардың басым бөлігінің кесімді жалақымен (сдельная зарплата) жұмыс істейтіндігімен, яғни орташа есеппен бір жарым есе және одан да көп табыс табатынымен түсіндірілсе керек. Мұндай ынталандыру жүйесі ұжымның кәсіпорын тағдырына бей-жай қарамауына септігін тигізуде.

Д. Еспаева компания басшылығы мен қызметкерлеріне табыс тілеп, 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауында «Ақ жол» партиясын қолдауға шақырды. Ұжым бұл үндеуді зор қошеметпен, ду қол шапалақтап қабыл алды.

Жолға шығар алдында партия өкілдері әйгілі жергілікті балмұздақ пен басқа да сүт өнімдерін шығаратын №1 Көкшетау қалалық сүт зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорын басшылығымен зауытты жаңғырту және жаңа ұлттық өнім түрлерін игеру барысы талқыланды.

Көкшетаулық кәсіпкерлер қалыптастырған жаңа дәстүрді де ерекше атап өткен жөн. Бүгін Дания Еспаева барған әрбір кәсіпорында зауыт басшылары оны әдемі гүл шоқтарымен күтіп алып, зор құрмет көрсетті.