23 шілдеде
Қазақстан Демократиялық партиясы «Ақ жолдың» Қостанай облыстық филиалы ҚР
Құрылтай депутаттарының сайлауы аясында үгіт-насихат науқанына ресми түрде
қадам басты.
Агитацияның
алғашқы күні филиал өкілдері, кандидаттар мен партиялық штабтың волонтерлері өңір тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Арнайы
белгіленген стендтерге үгіт-насихат материалдары орналастырылып, баспа
өнімдерін тарату ұйымдастырылды.
Науқан аясында
облыстың еңбек ұжымдарымен, кәсіпкерлермен және жұртшылықпен кездесулер
өткізу жоспарланған. Сайлауалды штабтың басты мақсаты — «Ақ жол»
бағдарламасының негізгі бағыттарын егжей-тегжейлі таныстыру, сайлаушылармен
тікелей диалог орнату және өңірді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау.
