26
Шілде

Партия қатары белсенді азаматтармен толықты

«Ақ жол» демпартиясы Жамбыл облыстық филиалының қатары саяси көзқарасы орнықты, ел дамуы мен қоғамдық мәселелерге бейжай қарамайтын белсенді азаматтармен толықты.

Жамбыл облыстық филиалының кеңсесінде салтанатты түрде партия қатарына қабылданған Мақсат Күсепов пен Замедин Шораевқа партиялық билеттері тапсырылды.

Сайлауалды науқан кезеңінде қатарға қосылған жаңа мүшелер демпартияның сайлауалды бағдарламасын халық арасында кеңінен түсіндіруге және өңірді дамытуға бағытталған бастамаларға белсене қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

Өзгерістер қажет!