Жамбыл облыстық сайлау штабының мүшесі, «Ақ жол» Демократиялық партиясының өңірлік филиалының Т.Рысқұлов ауданындағы үйлестірушісі Замедин Шораев бастаған жұмысшы топ аудан орталығы Құлан ауылында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Құлан ауылының негізгі жолы – Жібек жолы көшесінің бойына «Ақ жол» Демократиялық партиясының сайлауалды үгіт материалы – банерлер ілініп, флаерлар таратылды.
Сондай-ақ Замедин Шораев су шаруашылығы саласының мамандарымен кездесу
өткізіп, «Ақ жол» Демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасының басым
бағыттарын атап өтті. Өзгеріс дұрыс таңдаудан басталатынын айтып, 23 тамыз күні
Құрылтай сайлауында азаматтық белсенділік танытуға шақырды.





