24
Шілде

Сайлауалды үгіт материалдары Тараз көшелеріне орнатылды

«Ақ жол» демпартиясының Жамбыл аймақтық штабының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқын алып келеді.

Сайлау науқаны аясында Тараз қаласының басты артериялары — Төле би және Жамбыл даңғылдары бойында, сондай-ақ орталық көшелерде «Ақ жол» демпартиясының билбордтары мен арнайы үгіт материалдары орнатылды.

Аймақтық штаб мүшелері тұрғындарды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуді жалғастыруда.

Өзгерістер қажет!