«Ақ жол» демократиялық партиясының Шымкент қалалық сайлау штабының мүшелері, «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Мұхтар Асқарұлы Шимиров бастаған партия өкілдері қаладағы ірі сауда орталықтарында «Өзгеріс дұрыс таңдаудан басталады» атты акция өткізді.
Іс-шара барысында тұрғындарды белсенді қатысуға шақырылып, «Ақ жол» демократиялық партиясының «Өзгеріс қажет» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары кеңінен таныстырылды. Партия өкілдері азаматтармен ашық пікір алмасып, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараға «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, Құрылтай депутаттығына үміткер Мұхтар Асқарұлы Шимиров, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, Құрылтай депутаттығына үміткер Исламбек Насруллаұлы Тулебаев, Құрылтай депутаттығына үміткер Бақдаулет Әліакбарұлы Мәлімов, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Дулат Саттарұлы Қуашбаев, сондай-ақ партия Кеңесінің мүшелері Асқар Ұласбекұлы Амалбеков,Шапалаев Мұрат және Жамалбек Жораев қатысты.
Акция аясында еріктілер тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасын көрсетіп, ақпараттық парақшалар таратып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Партияның белсенді жастары да акцияға атсалысып, тұрғындармен тікелей байланыс орнатуға өз үлестерін қосты.

