24
Шілде

Шу ауданында сайлауалды үгіт материалдары орнатылуда

«Ақ жол» демпартиясының Жамбыл аймақтық штабының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жалғасуда. Науқанға Шу ауданындағы партия белсенділері мен жастары да білек сыбана кірісті.

Шу ауданының орталығы мен елді мекендерінде арнайы белгіленген орындарға партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары қамтылған үгіт материалдары орналастырылып, тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратылуда. Сондай-ақ, ақжолдықтар жергілікті тұрғындарға аграрлық секторды қолдау, ауылдық жерлерде шағын бизнесті дамыту және инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі бастамаларды кеңінен түсіндіруде.

Өзгерістер қажет!