«XXI ҒАСЫРДАҒЫ АЛАШТЫҢ АҚ ЖОЛЫ»
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ
Байқаудың басты мақсаты – Алаш қозғалысының саяси
тәжірибесін, экономикалық ұстанымын және рухани мұрасын қазіргі
Қазақстан қоғамын жаңғырту контексінде зерделеу мен насихаттау.
Байқауға қатысу үшін Алаш қозғалысын зерттеумен
айналысып жүрген 18-35 жас аралығындағы Қазақстан және шетел
азаматтары өздерінің жеке жұмыстарын (эссе, мақала) ұсына алады.
Байқау жұмыстары қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.
Байқау келесі төрт номинация бойынша
өткізіледі:
1. Алаштың
әлеуметтік-саяси идеясы және оның қазіргі Қазақстандағы сабақтастығы.
Тақырыптық
бағыттар:
- Алаш
қозғалысының мұраты: ұлттық Тәуелсіздік пен мемлекеттілік идеясы;
- Мемлекеттік
аппаратты бюрократиясыздандыру;
- Мемлекеттік ойлау, ұлттық мүдделер және ұлттың жаңа
болмысы ретіндегі «азаматтық ұлтшылдық»;
- Қазіргі заман контексіндегі демократия мен
парламентаризм идеясы;
- Алаш конституциясының тұжырымдамасы және оның элементтерін қазіргі Қазақстан Республикасы заңнамасында қолдану;
2. Алаштың рухани-ағартушылық қызметі және оның қазіргі Қазақстан қоғамына маңызы.
Тақырыптық
бағыттар:
- Алаш
қайраткерлерінің тілдік ұстанымы және қазіргі қоғамдағы мемлекеттік тіл
мәртебесі;
- Алаш білімпаздарының ұлт тілін зерттеудегі
еңбегі;
- Алаш қайраткерлерінің
білім, мәдениет нысандарын қалыптастырудағы рөлі;
- Ұлттық
журналистиканың қалыптасуы және Алаш қайраткерлерінің қызметі;
- Алаш санаткерлерінің ұлттық тарихты
зерттеудегі рөлі;
- Алаш
кезеңіндегі ұлттық әдебиет сипаты және «Алқа» тұжырымдамасы;
- Алаш
оқымыстыларының жаратылыстану пәндер бойынша зерттеулері;
- «Алаш»
ағартушылық және білім беру мұрасының интеллектуалды ұлт қалыптастырудағы маңызы.
3. Алаш қайраткерлерінің
экономикалық көзқарасы және кәсіпкерлікті дамыту.
Тақырыптық
бағыттар:
- Нарықтық
реформалар және экономикадағы монополиямен күрес;
- Кәсіпкерлік
қызметтің еркіндігі, оны қорғау мен қолдау;
- Әлеуметтік теңсіздік мәселесі: байлар мен кедейлер
арасындағы алшақтықты жеңудің негізгі құралы ретінде жаппай кәсіпкерлікті
дамыту;
- Алаш
қозғалысын қолдаудағы кәсіпкерлер мен меценаттар ролі;
- Кәсіпкер
тұлғасының қалыптасуы (ойлау жүйесі, рухани келбеті, уақыт пен қаржыны меңгеру,
инвестиция салу, т.б.);
- Алаш үлгісі
бойынша әділ салық салудың ұстанымы және
олардың қазіргі салық саясаты мен байланысы;
- «Ресурстық
ұлтшылдық» идеясы және Алаш қайраткерлерінің табиғи ресурстарды ұлттық мүдде
тұрғысынан пайдалану жолы;
- Алаш» идеясын қолдаушы кәсіпкерлердің технологиялық
жобалары.
4. Алаш
тарихының «актаңдақтары».
Тақырыптық
бағыттар:
- Алаш
қозғалысы туралы тың деректер, құжаттар, естеліктер;
- Алаштың
беймәлім есімдері;
- Алаш
қайраткерлерінің зерттелмеген еңбектері;
- Алаш идеясы
және Кеңес үкіметі орнау кезеңдегі беймәлім оқиғалар, көтерілістер;
- Алаш әскеріне
байланысты тың құжаттар мен деректер;
- Алаш
қозғалысының кеңестік кезеңде инерциялы түрде жалғасуы.
Байқау үш кезеңнен тұрады
1-кезеңде Байқауға
келіп түскен жұмыстарға қазылар алқасы сараптама жасап, іріктеуден өткізеді. Әр
номинация бойынша үздік 10 (барлығы – 40) жұмыс екінші кезеңге жіберіледі.
2-кезеңде үздік 40 жұмыстың
авторлары тақырыбы бойынша баяндама жасап, өз номинациясындағы қарсылас
үміткерлермен бетпе-бет пікірталасқа түседі. Сұрақ-жауап және талқылау түрінде
болатын бұл кезең «Ақ жол» ҚДП белгілеген қалада өткізіліп, әр
номинциядан үздік үш (барлығы 12) қатысушы ақтық сынға жолдама алады.
3-кезең Алаш Орда үкіметінің құрылған күні қарсаңында,
желтоқсан айында Астана қаласында өткізіледі. Байқаудың ақтық сынына
қатысушылар өз жұмыстарын қорғап, қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен
жүлдегерлер анықталады.
Байқау шарттары:
1. Жұмыс бір адамның (жеке үміткердің) атынан
және өзі көрсеткен номинация бойынша ұсынылады;
2. «Ақ жол» партиясының Алаш идеяларын одан әрі
дамыту жолындағы қызметін өз мазмұнында тақырыпқа сәйкес қамтыған
жұмыстар оң тұрғыда ескеріледі;
3. Плагиатқа (басқа авторлардың дайын жұмыстарын
көшіріп ұсынуға) жол берілмейді;
4. Шығарма бас тақырыбының оның мазмұнына сәйкес
келгені және тапқыр да жинақы қойылғаны мақұлданады (номинациялардың және
тақырыптық бағыттардың аттарын сол күйінше қайталамаған жөн);
5. Жұмыста сілтеме жасалған дереккөздер дәл, нақты
және шынайы болуы қажет;
6. Мерзімінен кеш жолданған жұмыстар қабылданбайды.
7. Жеңімпаздар келесі байқауға араға бір жыл салып
қайтадан қатыса алады. Мысалы, биылғы, 2025 жылғы байқауға 2024 жылдың
жеңімпаздары жіберілмейді, ал 2023 жылдың және одан бұрынғы мезгілдің
байқау жеңімпаздары қатысуға құқылы.
8. GPT Chat секілді және соған ұқсас жасанды
интеллект жүйесін пайдалануға болмайды.
Мақаланы (эссені) рәсімдеу талаптары:
Мәтін 14 өлшемді Times New Roman қарпімен теріледі;
жоларалық интервал – 1; абзац шегінісі – 1,25 см; беттің оң жағынан – 3 см,
үстіңгі және астыңғы жағынан – 2 см, сол жағынан 1,5 см кеңістік
қалдырылады.
Қатысушы өтінішінің үлгісі:
Толық аты-жөні |
|
Туған күні, айы, жылы |
|
Тұрғылықты мекенжайы |
|
Қызмет (оқу) орны |
|
Ғылыми дәрежесі (бар болса) |
|
Ұялы телефон нөмірі |
|
Электронды поштасы |
|
Номинациясы |
|
Мақала (эссе) тақырыбы |
|
Мақаланың (эссенің) көлемі 10 беттен аспауы
тиіс.
Талапқа сай безендірілмеген жұмыстар
қарастырылмайды.
Байқауға ұсынылатын жұмыстар 2025 жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.
Байқаудың жүлде қоры келесі тәртіп бойынша
бөлінеді:
2-кезеңге жолдама алған үміткерлердің әрқайсысына
(ақтық сынға өтетін 9 қатысушыдан басқасына) 75 000 (жетпіс бес мың) теңгеден
қаржылай сыйлық беріледі.
Ақтық сайыс қорытындысы бойынша номинацияның
жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне берілетін қаржылай сыйлық көлемі:
Бірінші орын – 700 000 (жеті жүз мың) теңге;
Екінші орын – 500 000 (бес жүз мың) теңге;
Үшінші орын – 300 000 (үш жүз мың) теңге.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Жалпыұлттық
«Алаштың Ақ жолы байқауының лауреаты» төсбелгісі табысталады.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің мақалалары
жеке жинақ түрінде жарық көреді.
Байқаудың 2 және 3-кезеңдеріне қатысушылардың
іссапар және жатын орын шығындары «Ақ жол» ҚДП тарапынан төленеді.
Байқау жұмыстары «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы»
белгісімен «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы Орталық аппаратының
мекен-жайына (Астана қаласы, Сарайшық, 11, «Ақ жол» ҚДП кеңсесіне) немесе akzholpress@mail.ru, alash_akzhol@mail.ru электрондық поштасына жолданады.