22
Қараша

22.11.2023

“Ақ жол” Демпартиясы мемлекеттік сатып-алу саласында экономикалық ұлтшылдық саясатын жүргізуді талап етеді

Бірінші Вице-Премьер

Р.Склярға  

 

Депутаттық сауалымызға «AZALA Textile» ЖШС қызметкерлерінен Парламент Мәжілісіне келіп түскен өтініштердің көптігі себеп болды.

«AZALA Textile» ЖШС фабрикасы 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді, жалпы инвестициялардың көлемі 70 млн АҚШ долларын құрайды. Бүгінгі күні бұл мақта өңдеуден дайын өнім тігуге дейінгі толық өндірістік циклі бар Қазақстан Республикасындағы жалғыз жұмыс істеп тұрған тоқыма фабрикасы. Бұл кәсіпорын отандық ірі өндіруші болып табылады және мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қажеттіліктерінің бір бөлігін қамтамасыз етуге дайын. Кәсіпорын заманауи жоғары технологиялық құралдармен жабдықталып, онда көптеген жоғары білікті мамандар жұмыс істейді.

«AZALA Textile» ЖШС шығарған өнімнің 80 пайыздан астамы Еуропалық Одақ елдеріне экспортталды.

Қазіргі уақытта Украина аумағында соғыс басталған сәттен бастап бірқатар себептерге байланысты (қауіпсіз логистикалық бағыттың болмауы және т.б.) ЕО елдеріне өнім экспорты тоқтатылды. Сондықтан, кәсіпорын қиындықтарға тап болып, өндіріс 40 пайызға дейін төмендеді. Қазір фабрика банкротқа ұшырап, жабылу алдында тұр.

Кәсіпорын Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша жеткізген матаның шаршы метрлерінің максималды саны 1,8 миллион шаршы метрді құрады. Ол жалпы өндірістік қуаттың 13 пайызы ғана. Бұл кәсіпорынның ешқашан мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарына тәуелді болмағанын білдіреді. 17 жыл бойы олар жылдан-жылға дамып, қосымша құрал-жабдықтар сатып алып, мамандарын оқытып, «Қазконтентке» инвестиция құйып отырды.

Біздегі ақпарат бойынша, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы 2022 жылы 23 миллиард теңгені, ал 2023 жылы 24 миллиард теңгені құраған.

Оның 15-16 миллиарды киім-кешек сатып алуға жұмсалады, оның матасын Қазақстанда тікелей қазақстандық мақтадан өндіруге болады, ал қалған 8-9 миллиарды аяқ киім мен оқ-дәрі сатып алуға жұмсалады.

Бұл Қорғаныс министрлігі мен Индустрия және құрылыс министрлігі әскери киімдерге арналған маталарды шетелдік жеткізушілерден сатып алатынын көрсетеді, яғни мемлекеттік қорғаныс тапсырысы үшін маталарды  шетелдік тоқыма кәсіпорындары қазақстандық өнім ретінде сатады. Мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын қалыптастыру, орналастыру және рәсімдеу ережесінен киім-кешек бұйымдарына техникалық шарттарды рәсімдеу кезінде тапсырыс беруші арнайы мақсаттағы бөлімдерге арналған киім мүлкін қоспағанда, кемінде 30% жергілікті шикізат үлесі болуын талап етуге тиіс екені белгілі.

Демек бізде мемлекеттік орган бұл талаптарды орындамайды?

Мұның бәрі өз кезегінде біздің тауар өндірушілерге үлкен қиындықтар туғызып, бүкіл Қазақстан бойынша мұндай кәсіпорындардың одан әрі дамуына кедергі келтіреді (кешеуілдетеді). Оның үстіне, мемлекеттік қолдаусыз мұндай кәсіпорындар мен олардың қызметкерлері жұмысынан, күнкөріс қорынан айырылып қалу қаупі бар. Ал бұл біздің елдегі әлеуметтік шиеленіске қатты әсер етуі мүмкін.

 

Мәселе тек қана осы жеке компанияда емес, жалпы мемлекеттік экономикалық саясатында. «Ақ жол» фракциясы экономикалық ұлтшылдық саясатын қолдап мынаны талап етеді:

 

1. Киім бұйымдары үшін жергілікті шикізат үлесіне шекті 30%-дан 60%-ға дейін арттыру қажет.

2. Жергілікті қамту үлесін анықтаудың нақты Әдістемесін әзірлеу

және Ережеде белгілеу.

3. Тиісті талаптарды, нормаларды, құжаттамаларды жергілікті қамту үлесін бақылауды күшейту керек, импорттық өнімді отандық өнім ретінде өткізуге мүмкіндік бермеу.

4. Президент Қ.К.Тоқаевтың мемлекеттік сатып алудағы отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыру туралы тапсырмасының орындалу барысында, отандық өндірушілер ұзақ мерзімді офтейк контрактыға көшуді талап етеміз.

 

Құрметпен,

 «Ақ жол» фракциясы депутаттары

Бейсенбаев Е.А.

Перуашев А.Т.

Еспаева Д.М.

Иса Қ.Ж.

Барлыбаев Е.Х.

Садықов А.А.