31
Желтоқсан

30 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңға қол қойды

31 желтоқсан 2022 жыл, “Ақ жол” демократиялық партиясының баспасөз қызметі

«Ақ жол» фракциясының депутаттары дамыған елдердің үлгісі бойынша жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылдау қажеттігі туралы мәселені 2013 жылдан бері Үкімет алдында көтеріп келеді. Үкімет жыл сайын түрлі жағдайларды сылтауратып, бұл бастамадан бас тартып келді.

Мәселен, 2013 жылы Қаржы министрлігі «мұндай тетік 2016-2017 жылдарға жоспарланған елде жалпыға бірдей табыс декларациясын енгізген жағдайда ғана мүмкін болады» деп мәлімдеген.

2014 жылы Үкімет «биылғы жылы жеке тұлғалардың банкроттық институтын іске асыру жөніндегі заң жобасының Тұжырымдамасын әзірлеу жоспарлануда» деп жауап берген.

2015 жылы сәтсіз хат алмасудардан кейін «Ақ жол» фракциясы «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» жеке заң жобасын әзірледі, бірақ Үкімет Қаржы министрлігі «жеке тұлғаларға қатысты ұқсас шараларды қарастыратын тағы бір заңды әзірленіп жатыр» деген желеумен оны қабылдамады. 

2019 жылы мәселені шешудің тағы бір әрекетіне Үкімет «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» заң жобасы әзірленді» деп жауап берді.

 Бірақ ол да сол қалпы Парламентке түскен жоқ. Фракция мұндай құжатты енгізуді депутаттық сауалдарында үнемі талап етіп отырды. 2020 жылдың қарашасында «Ақ жол» фракциясы Үкімет пен Ұлттық банктің ескертулері мен қарсылықтарын ескере отырып, жоба бойынша жұмыстың қайта жанданатынын хабарлады.

2022 жылғы 5 қаңтарда Президент Қ.Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына арналған кеңесте «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң жобасын әзірлеп, ұсынуды тапсырды.

2022 жылдың қаңтарында партия өз жобасының таныстырылымында

 Үкіметтің жұмыс тобының құрамында Үкіметтің де, «Ақ жол» фракциясының да ұстанымдарын қамтитын өзара тиімді бірыңғай құжатты әзірлеуге дайын екенін білдірді.

Биылғы жылдың ақпан айында Үкімет «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін және банкроттықты қалпына келтіру туралы» Заң жобасы бойынша жұмысты жалғастыратыны туралы хабарлады.

Жыл бойы қаржыгерлер қауымдастығының, банктердің және микроқаржы ұйымдарының өкілдерімен кездесулер өткізілді.

«Ақ жол» фракциясы мүшелерінің, Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер департаментінің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Ұлттық банктің, Парламентаризмді дамыту қоры, Бірінші кредиттік бюро және Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы өкілдерінің  қатысуымен заң жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстелдер өтті. Жұмыс тобының құрамында қызу пікірталастарда даулы мәселелер мен ымыраластық жолдары анықталды.

Заң жобасы Парламент қарауына енгізілгеннен кейін «Ақ жол» фракциясы Мәжілістің жұмыс тобында өз ұсыныстарын енгізу мен қорғауды жалғастырды.

Биылғы жылдың 14 желтоқсанында «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң жобасын талқылау барысында «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев екінші оқылымда жетілдіруді қажет ететін бірқатар мәселелерді атады. (https://t.me/peruash/7686). 

21 желтоқсанда Мәжіліс бұл заңды қабылдады. 30 желтоқсанда – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін және банкроттығын қалпына келтіру туралы заңға қол қойды.

Құжатта «Ақ жол» фракциясының талабына қарамастан, борышкерлердің жалғыз баспанасын тартып алуға тыйым салу мәселесі толық шешім таппаса да, бұл заң азаматтардың қарыз ауыртпалығын жеңілдетудің маңызды құралына айналып, қиын жағдайға тап болған мыңдаған азаматтарға нақты көмек көрсетері сөзсіз.

Бұл заңның қабылдануы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың тікелей тапсырмаларын жүзеге асырудың және «Ақ жол» демпартиясының ұзақ жылғы жұмысының нәтижесі болды. Еске салайық, «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заңды қабылдау талабы біздің партияның 2020 жылы қабылданған Саяси бағдарламасында («Әлеуметтік әділеттілік» бөлімі) да қамтылған. (https://akzhol.kz/ru/program).

«Ақ жол» фракциясы партияның Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру және сайлаушылардың аманаттарын орындау бойынша жұмысты жалғастыруда.