21
Мамыр

"Ақ жол" демократиялық партиясы мен Қытай Компартиясы Халықаралылық департаментінің басшылары партияаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

https://t.me/peruash/5774

Бүгін әріптестерім Берік Дүйсембинов пен Айгүл Жұмабаевамен бірге бейнеконференция режимінде Қытай Компартиясы ОК Халықаралық бөлімі Министрінің орынбасары Цянь Хуншань мырзамен және оның қызметкерлерімен байланысқа шықтық. Онлайн кездесу қытай тарапының бастамасымен өтті, келіссөздердің мақсаты 2019 жылдан бастап пандемия нәтижесінде үзілген Қытай компартиясы мен "Ақ жол" ҚДП арасындағы партияаралық және іскерлік ынтымақтастықты қайта жаңғырту болып белгіленді. 


Цянь Хуншань мырза ҚКП ОК Халықаралық бөлімінің басшылығы мен оның министрі Сун Тао мырзаның атынан "Ақ жол" демократиялық партиясын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Сұхбаттасушымыз биылғы жылы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толатынын, сондай-ақ ҚКП және "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан парламенттік партиялардың елдеріміздің достығы мен ынтымақтастығын дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

Министрдің орынбасары биыл Қытай компартиясының мерейтойлық 20-шы съезі өтетінін айтып, "Ақ жол" ҚДП съездің жұмыс барысын бақылап, оның талқылауына шығарылған қазақ-қытай қарым-қатынастарын дамытуға қатысты мәселелер бойынша өз ұстанымын білдіре алатынын айтты.

Цянь Хуншань "Ақ жол" демпартиясы Қытай мен Қазақстанның іскер топтары арасындағы диалогта елеулі рөл атқаратынын және пандемияның нәтиіжесінде үзілген тікелей байланыстарды екі партия да, әсіресе "Бір белдеу, бір жол" бағдарламасын іске асыру шеңберінде, екі елдің бизнесі арасындағы ынтымақтастық көпірлерін жалғастыра алатынын атап өтті. Белгілі болғандай, бұл бағдарлама серіктес елдердің жергілікті бизнесінің қатысуымен қытайлық компаниялар іске асыратын инвестициялық жобаларды қамтиды.

Партияаралық диалогтың тағы бір бағыты ретінде ҚКП ОК Халықаралық бөлімі Министрінің орынбасары партиялық дипломатияны, мәдени және іскерлік өзара іс-қимылды ілгерілету мақсатында партиялық БАҚ және басқа да ақпараттық ресурстардың ынтымақтастығын белгіледі. 

Сұхбаттасушымыздың айтуынша, Қытайда конституциялық реформа бойынша Қазақстанның бүкілхалықтық референдумына дайындық барысын мұқият қадағалап отырады. Президент Қ.Тоқаевтың өзі ұсынған ҚР Конституциясындағы өзгерістерді көршілеріміз саяси жүйені ырықтандыру, парламентаризм институтын күшейту жөніндегі маңызды қадам ретінде қарастырады. 

Осыған байланысты Цянь Хуншань мырза Президент Қ.Тоқаевтың "Аманат" партиясынан шығуын, демократияны нығайту және парламенттік партиялардың, соның ішінде "Ақ жол" партиясының рөлін күшейту ретінде ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, министрдің орынбасары "Ақ жол" демократиялық партиясы ынтымақтастықты жаңарту үшін Қытай Компартиясымен талқылауды ұсынып отырған мәселелерді жария етуді сұрады. 

Мен қытайлық әріптестеріме "Ақ жол" демократиялық партиясының 20 жылдығымен құттықтаулары үшін алғысымды білдіріп, Министр Сун Таоға осы алғысымды жеткізуді сұрадым.

Өз кезегінде ҚКП ОК Халықаралық бөлімін ҚХР мен ҚР дипломатиялық қатынастарының 30 жылдығымен, сондай-ақ Қытай Компартиясының алдағы 20-шы съезімен құттықтадым. Біз оның жұмысын қызығушылықпен бақылап, екі елдің қарым-қатынасына қатысты мәселелерді талқылайтын боламыз. Қытайдың әлеуметтік-экономикалық дамуы біз үшін және Қазақстанның іскер топтары үшін, жақын көршілер ретінде, дипломатиялық қана емес, практикалық қызығушылық тудырады.

Сондықтан ҚКП ОК алдағы өтетін съезд және оның талқылауына шығарылатын мәселелер туралы егжей-тегжейлі ақпарат үшін алғысымызды білдіреміз.

Біз Цянь Хуншань мырзаның "Ақ жол" ҚДП мен Қытай бизнесмендерінің, оның ішінде "Бір белдеу, бір жол" бағдарламасы шеңберіндегі іскерлік байланыстарын қалпына келтіру туралы ұсынысын қолдадық. Бұл ретте мен қытайлық әріптестеріме осы бағдарлама шеңберінде әріптес елдердің, атап айтқанда, Қазақстанның ұлттық мүдделерін ескеру қажеттігі туралы еске салдым. Қазақстандық мердігерлер мен жұмысшылардың мүдделерін ескермеген қытайлық мұнай компанияларына (Sinopec, CNPC және т.б. сияқты) деген шағымдарымызды да атап өттім. Бұл тақырыптарды біз 2016-17 ж.ж.

https://t.me/peruash/5775

Бейжіңге сапарлар барысында көтерген едік және ҚКП ОК Халықаралық бөлімінің көмегінің арқасында сол кезде компания басшылығымен келіссөздеріміз ұйымдастырылды. 

Сондықтан, бұл жолы да реципиент елдің мүддесі үшін осындай жобаларды іске асыру қажеттігіне назар аудардым. 

Қазақстан шетелдік инвесторларды тарта отырып, өзінің табиғи байлықтарын пайдаланудан түсетін салықтарға ғана емес, сондай-ақ ұлттық кадрларды оқытуға және өсіруге, жаңа технологияларды беруге және игеруге, инвесторлар пайдаланатын жабдықтар мен жинақтауыштарды өндіру жөнінде бірлескен кәсіпорындар құруға; өндіруші өндірістерге қызмет көрсету және олар сатып алатын өнімді жеткізу жөнінде келісімшарттар алуға да сенім артуға құқылы. 

ҚКП ОК Халықаралық бөліміне инвесторлармен өткен келіссөздердегі біздің ұстанымымызды қолдағаны үшін алғыс айтып, осындай өзара іс-қимылды жалғастыруды ұсындым.

Сонымен қатар, іскерлік байланыстар аясында экономиканың өндіруші секторымен шектеліп қана қоймай, қайта өңдеу және технологиялық салаларға үлкен назар аударуды сұрадым.

 Партиялық БАҚ ынтымақтастығына қатысты бұл біз үшін жаңа тақырып екенін атап өттім. "Ақ жол" демократиялық партиясының бұқаралық ақпарат құралдары арасында серіктестері және журналистер арасында жақтастары аз емес. Сонымен бірге, саяси бәсекелестіктің негізгі саласы бүгінде ҚХР-да жергілікті ережелер бойынша және тіпті өздерінің мессенджерлері арқылы жұмыс істейтін әлеуметтік желілер саласына ауысуда. Қалай болғанда да, бизнес мүмкіндіктері, іскерлік климат, жаңа ғылым мен технологиялар және т.б. сияқты өзара қызықты ақпарат тақырыбын таңдаған дұрыс, бұл жайлы әлі де ойлану қажет.

Өз кезегінде, "Ақ жол" партиясы талқылауды ұсынатын мәселелер ретінде мен (өндіруші компаниялардың қызметіндегі жоғарыда аталған проблемалардан басқа) келесілерді атадым:

- Трансшекаралық өзендерден су алуды реттеу (Ертіс, Іле);

- Жаһандық жылынудың, азық-түлік тапшылығының және су тапшылығы жағдайында ауыл шаруашылығын жүргізудің сын-қатерлері; суды үнемдеу және теңіз суын тұщыландыру саласындағы жобалар;

- ҚХР мен ҚР арасындағы транзиттік жүктердің т/ж және автомобиль тасымалдарының көлемін ұлғайту, шекарада кептелістер мен жүктің тұрып қалуын жою;

- Жемқорлар заңсыз шығарған қаражатты қайтару бойынша ҚХР тәжірибесі;

-Жоғары технологиялық өндірістер мен қызметтерді, IT-бизнесті және қор нарығын дамыту;

 - Өңдеуші өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы қайта өңдеу жобаларына ивестициялар тарту;

- Ресейге қарсы санкциялардың ҚР мен ҚХР сауда-экономикалық қатынастарына және т. б. ықтимал әсері.

-  Нақты ұсыныстар партияның бизнес-қоғамдастығының сұраулары бойынша дайындалып, жақын күндері біздің қытайлық серіктестерімізге жолданатын болады деп келістік.

Кездесу соңында министрдің орынбасары Цянь Хуншань "Ақ жол" демократиялық партиясының басшылығына ҚКП ОК Халықаралық бөлімінің Қытай Халық Республикасына достық іс-сапармен келуге шақырды.