27
Мамыр

"Ақ жол" демократиялық партиясы Мәжілісінің депутаты Андрей Линник Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

2022 жылдың 27 мамыр, "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясының Қостанай облыстық филиалы

Бүгін, Қостанай облысына "Ақ жол" партиясынан Парламент Мәжілісінің депутаты Андрей Линник Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі алдағы бүкілхалықтық референдумның мәні түсіндіру үшін жұмыс сапарымен келді.


Өңірлерге шығу аясында "Ақ жол" партиясынан Мәжіліс депутаттары референдумның маңыздылығын талқылау мақсатында халықпен тек облыс орталықтарында ғана емес, ауылдық елді мекендерде де кездесетін болады.

Мәжілісіменнің алғашқы кездесуі Қостанай ауданының Мичурино ауылында өтті, онда тұрғындар жер қойнауы халыққа қалай тиесілі болатыны туралы сұрақ қойды.

- "Конституцияда халықтың жер мен табиғи ресурстардың иесі екендігі туралы норманың түпкілікті бекітілуі үлкен саяси мәнге ие болады. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан мемлекет меншік құқығын жүзеге асырады. Адамдар жүргізіліп жатқан реформалардың барлық прогрессивтілігін түсініп, ағымдағы жылдың 5 маусымында жалпыхалықтық дауыс беруге белсенді қатысқаны маңызды", - деп атап өтті Андрей Линник.

Сондай-ақ, депутат бүкіл реформаның мақсаты билік пен шенеуніктерді қоғамның сұраныстарына жақындату, жаңа саяси жүйені қалыптастыру болып табылатынын атап өтіп, ұлттың алдында үлкен және табанды еңбек күтіп тұрғанын және конституциялық реформа мұндай өзгерістерге мүмкіндік беретін алғашқы қадам ғана екенін еске салды. Бірақ бұл мүмкіндіктерді қалай пайдаланатынымыз өзімізге байланысты.

Екінші жұмыс кездесуі "ҚР Ұлттық ұланының 6697 әскери бөлімі" РММ-нің 70 әскери қызметкерлерімен өтті, онда алдағы жалпыұлттық референдумның маңыздылығы талқыланды.


Андрей Линник Конституцияға енгізілген негізгі өзгерістерге тоқталып, қатысушыларды алдағы референдумда әркім саналы шешім қабылдап, ұсынылып отырған өзгерістерді егжей-тегжейлі зерделеуге шақырды.

"Референдум - бұл біздің халқымыз үшін емтихан түрі, және адамдармен кездесулерде біз халықтың бұл бастаманы жоғары бағалайтынын және референдумға қатысуға дайын екендігін білдіретінін көреміз. Өйткені елдегі кез-келген өзгерістер, сайып келгенде, Конституцияға байланысты екенін бәрі түсінеді", - деп атап өтті Андрей Линник.

Сонымен бірге, бұл кездесуде әскери қызметкерлер жер қойнауы мәселелеріне қызығушылық танытты, оған жер және оның қойнауы және басқа да табиғи ресурстар тек халыққа тиесілі болады деген толық жауап алды.