27
Мамыр

«Ақ жол» демократиялық партиясы Мәжілісінің депутаты Ғани Хамзин Қостанай облысына референдум бойынша түсіндіру жұмыстарымен келді

27 мамыр 2022 жыл, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының Қостанай облыстық филиалы

Бүгін, 26 мамырда Мәжілістің барлық депутаттарының өңірлерге екінші сапары басталды. Қостанай облысына «Ақ жол» партиясынан Мәжіліс депутаты Ғани Хамзин түсіндіру жұмыстарымен келді. Ол «Агро Про Трейд» ЖШС, Заречное а., сондай-ақ «Наш Костанай» газеті» ЖШС ұжымымен кездесті.

Алғашқы кездесу «Агро Про Трейд» ЖШС ұжымымен өтті. Бұл кәсіпорын дәнді және майлы дақылдардың көтерме саудасына, атап айтқанда бидай экспортына маманданған.


Ұжым Конституциялық реформа және 5 маусымда өтетін алдағы референдум туралы қызығушылықпен талқылады. Сондай-ақ, түзетулерді талқылау бойынша «Дауыс беру техникалық тұрғыдан қалай өтеді?» деген сұрақ жиі қойылды:

- «Бұл түзетулер бірыңғай блокпен бірге енеді. Референдумға қойылатын жалғыз мәселе – ұсынылатын түзетулерді сіз қолдайсыз ба, әлде жоқ па?. Егер сіз «иә» деп дауыс бергіңіз келсе, онда сіз «құсбелгі», «қосу» белгісін қоясыз немесе бояуға болады. Бюрократия болмайды, бәрі өз еркіңізде», - деп жауап берді депутат.

Мұнан соң Ғани Хамзин Заречное ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Ғани Болатұлы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетін Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер жобасы бойынша республикалық референдум өткізу туралы ақпаратты ұсынды.

Депутат Мемлекет басшысының жергілікті атқарушы органдарға ықпалы азайғанына және жергілікті жерлерде шешім қабылдау кезінде оларға үлкен дербестік берілгеніне жеке тоқталды.

- «Мәслихаттар депутаттарының келісімімен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін, облыстардың, қалалар мен астананың әкімдерін қызметке Республика Президенті тағайындайды. Бұл ретте Президент кемінде екі кандидатура ұсынып, олар бойынша дауыс беру жүргізіледі», - деп атап өтті Ғ.Хамзин.

Бұл кездесуде тұрғындар өлім жазасына қатысты өз пікірлерін білдірді, оны жоюды ұсынды, бірақ адамдар қасақана кісі өлтірген кезде не істеу керек екені ашық сұрақ.


Сондай-ақ, әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғайтын заң әзірлеу туралы ұсыныстар болды. Ал «Наш Костанай» газетінің ұжымымен кездесуде басқа да ұсыныстар болды: облыс әкімі лауазымына кем дегенде бір кандидат сол облыстың тумасы болса деген ниеттер білдірілді.

Мәжілісмен сондай-ақ Конституциялық сотқа азаматтардың қолданыстағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің конституциялылығын тексеру туралы Конституциялық сотқа тікелей жүгінуге толық құқығы бар екенін атап өтіп, ерекше назар аударды:

- «Азаматтардың конституциялық бақылауға қолжетімділігін кеңейту қарастырылуда, ең бастысы біз қоғам мен мемлекеттік аппараттың конституциялық-құқықтық мәдениетінің маңызын арттырғымыз келеді, өйткені халықтың сенімі - бұл басты қолдау, бұл маңызды міндет және үлкен жауапкершілік. Сондықтан Конституциялық өзгерістерде белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық күш-жігерді жұмсау қажет», - деп атап өтті Ғани Хамзин.