Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының
орталық офисінде «Ақылы көлік жолдары және жүк тасымалын реттеу мәселелері»
тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Оған министрліктер мен ведомстволардың,
депутаттық корпустың, салалық бизнес қауымдастықтар және «Атамекен» ұлттық
кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.
Талқылауға ұйытқы болған «Ақ жол»
демпартиясы төрағасының орынбасары Ерлік Өмірғали бірқатар проблемалық
мәселелерді атап өтті, оның ішінде, ақылы жолдардың жағдайы мен күтіп ұсталуы,
жүк көліктерін өлшеудің автоматтандырылған жүйелері, "CargoRuqsat"
жүйесі және кедендік өткелдердегі электронды кезек мәселелері; рұқсаттарды
бөлу; айыппұлдардың негізділігі мен шетелдік тасымалдаушылардың жазасыздығы;
отандық кәсіпкерлерге зиян келтіріп жатқан Беларусь және Ресей көлік
компанияларының басымдығы; 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін артық
жүк көтергіштігі бар самосвалдардың өтуіне тыйым салу және тағы басқалары бар.
ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров
пен Көлік жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин сұрау салынған
ақпаратты ұсынып, ұсынылған тәсілдер бойынша өз ұстанымдарын білдірді.
Талқылауға «Ақ жол» фракциясының
депутаттары Серік Ерубаев, Қазыбек Иса, Олжас Нұралдинов, фракция аппаратының
жетекшісі Берік Дүйсембинов, ҚР Көлік министрлігінің Автомобильді көліктерді
бақылау комитеті төрағасының орынбасары Сергей Карашиев, "Оңтүстік
Қазақстан жүк тасымалдаушылары қауымдастығы" ҚБ төрағасы Дархан
Алтынбеков, жүк көліктері жүргізушілері мен иелері қауымдастығының
вице-президенті Арман Әлжанов, осы қауымдастықтың президенті Қанат Қашаған,
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Логистика және тасымалдау
департаменті директорының міндетін атқарушы Қуаныш Қадырқалиұлы және «Ақ жол»
партиясы Алматы облыстық филиалының төрайымы Мейраш Шынасылова қатысты.
Бас көлік прокурорының орынбасары Ақан
Ысқақов пен ІІМ ӘПК төрағасының орынбасары Ғалым Сарғұлов бірқатар даулы
мәселелер бойынша түсініктеме берді.
Мәселен, өткізу бекеттерінде негізсіз
алымдарды жинау, тасымалдаудың кешігуі және бақылау рәсімдерін сақтамау
жағдайлары сақталып отырғаны туралы хабарланған.
Ішкі істер министрлігінің өкілі құрылыс
компанияларының өтініштері негізінде салынып жатқан ғимараттарға ұзын жүк
көліктерінің баруына рұқсат беру туралы ұсыныстарды қарастыруға дайын екенін
білдірді және т.б. .
Дөңгелек үстел барысында заңсыз
схемалармен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ерекше көңіл бөлінді.
Атап айтқанда, шетелдік тасымалдаушылардың көлік құралдарын екі рет тіркеу
жағдайлары атап өтілді. Қатысушылар құқық қорғау органдарын мұндай
тәжірибелердің алдын алу үшін қадағалауды күшейтуге шақырды.
Көлік министрлігі өкілдері келесіні
хабарлады:
• Елімізде шамамен 5000 км ақылы жолдар
бар;
• Биылғы жылдың 10 айында «Қазавтожол» АҚ
шамамен 70 миллиард теңге жинады, бұл қаражат жолдарды күтіп ұстау және
пайдалануға жолданады;
• Төлем төлемейтіндерді ұстау үшін
транзиттік дәліздер бойына қосымша ақы алу пункттері орнатылуда;
• Мәжілісте ақылы жол бойынша қарызы бар
болған жағдайда көлік құралдарын тіркеуге және қайта тіркеуге тыйым салу туралы
түзетулер қарастырылуда;
• Шетелдік тасымалдаушылар қарыздары толық
өтемейінше электрондық кезек ала алмайды;
• Халықаралық көлік ережелері талаптарын
және жүргізуші карталарымен жұмысты бұзғаны үшін 3700-ден астам көлік құралы
бұғатталған.
Көлік министрлігі, сондай-ақ, өткізу
пункттерінің жанында жаңа логистикалық аймақтарды құру жобасын ұсынды, онда
ауыр жүк көліктеріне арналған тұрақтар, қызмет көрсету аймақтары, жанармай құю
станциялары, фитосанитарлық және карантиндік өткізу пункттері орналасады.
Бақылау пункттері 2027 жылға қарай
заманауи халықаралық стандарттарға сай жасақталады деп күтілуде.
Салалық қауымдастықтардың өтініші
негізінде, мыңдаған кәсіпкерлер мен жүргізушілерге қатысты шешілмеген кейбір
мәселелер бойынша фракция депутаттық сауалдар дайындайды.
Айта кету керек, жиын ҚР мен ҚХР
шекарасында жүздеген ауыр жүк көліктерінің кептеліп қалғаны туралы кәсіпкерлер
хабарларының тарауы аясында өткен болатын.








