09
Қыркүйек

"Ақ жол" демпартиясының Парламент депутаттарын партиялық тізім бойынша сайлау туралы мәлімдемесі

https://t.me/peruash/13944

"Ақ жол" демпартиясының Парламент депутаттарын партиялық тізім бойынша сайлау туралы тағы бір мәлімдемесі ("Казахстанская правда", 18 маусым 2024 жыл):

Мәселен, Еуропа Кеңесінің демократия үшін Еуропалық комиссиясы (Венециялық комиссия) "Демократиялық парламенттегі оппозицияның рөлі туралы" баяндамасының 29 б. (https://akzhol.kz/wp-content/uploads/2022/02/default.pdf), былай деген: «Еуропада негізгі саналатын пропорционалды өкілдік жүйесі негізінде, оппозицияның мажоритарлық жүйеге қарағанда, парламенттегі орыны әлдеқайда жоғары... Пропорционалды өкілдік ауқымы мен ықпалы үлкен саяси партиялар қатарының артуына септігін тигізеді».

Яғни, пропорционалды жүйенің (партиялық тізіммен депутаттарды сайлайтын) мынадай артықшылығы бар:

а)сайланбалы органдарда қоғам мүддесінің кеңірек («әлдеқайда жақсы») өкілдігі;

б) күшті партиялар санының өсуіне ықпал етеді,

в) саяси тәжірибедегі жалпыеуропалық трендтерге сәйкес келеді.

2022 жылы мажоритарлы (бір мандатты округтер бойынша сайлау) және пропорционалды (партиялық тізім бойынша) жүйелерді салыстыру кезінде, демократияның кепілі ретіндегі мажоритарлық жүйеге үміт арту сәл артықтау екенін айттым ("Саясат - командалық спорт түрі", 02.09.2022) https://time.kz/articles/ugol/2022/02/09/azat-peruashev-politika-komandnyj-vid-sporta)

2007 жылға дейін Қазақстанда сайлау бір мандатты округтер бойынша өтті, соған қарамастан бұл жүйе билікке қажетті нәтижені қамтамасыз етті. Одан кейін де авторитарлық биліктің мажоритарлық жүйемен манипуляциялар жасауға түрлі тетігі жетіп артылатын. Мәселен, 2016 жылғы мәслихаттар сайлауында (бір мандатты округтер бойынша өткен) салық декларациясындағы сәйкессіздікті сылтауратып, «Ақ жол» партиясының 100 (!) мүшесін сайлауға жібермеді, т.б.

Әрине, жекелген тұлғалар саясат сахнасына жол таба алды, бірақ олар ауа-райын өзгертпейтін, барлығын билік партиясының қолындағы көпшілік шешетін. Бұл дәстүрді 2023 жылғы сайлау да өзгертпеді. Егер "Аманат" пропорционалды жүйеде 54% жинаса (69 орынның 40-ы), мажоритарлыда - бірден 76% орын (29-дың 22-і) жинады. Яғни, бір мандатты округтер бойынша билік партиясы партиялық тізімге қарағанда 22% артық жинады. Бұл қазіргі ахуалда мажоритарлық жүйенің билік партиясының мүддесі үшін қолданылатындығының нақты дәлелі.

Мажоритарлық жүйеде жеңіске жету үшін 50% астам дауыс жинау керек. Ал, көпшілікпен келіспейтіндер барлық мүмкіндіктен қағылады. Бірақ, демократия – көпшіліктің билігі ғана емес, бұл көпшілікпен келіспейтіндердің де құқығы. "Тірі балық ағысқа қарсы жүзеді" деп бекер айтылмаған.

Бір мандатты округте тіпті 49% дауыс жинаған кандидаттың өзі жеңіледі. Ал, партиялық тізім бойынша тым болмағанда 5% қолдауға ие болған саясаткерлер депутаттыққа өте алады. Осылайша, пропорционалды жүйе партиялық көпшілікпен "келіспейтін" тұлғалар секілді қоғамдық мүдденің кең ауқымын қамтуға мүмкіндік береді.

Мажоритарлық жүйеде қабілетті кандидаттардың өтуі сияқты артықшылық бар. Бірақ көпшілік дауысқа ие болу қажеттілігі кандидаттарды популизм бойынша сайысқа түсуге, ал қоғамды пікірталасты радикалдандыру мен ушықтыруға итермелейді. Белгілі архаикалық (трайбализм, діншілдік және тб.), үрдіс аясында бұл ерекшелік қоғамдық келісімге де, мемлекеттің зайырлы болмысына да қатер төндіруі мүмкін.

Және ең маңызды жайт: егер тәуелсіз депутаттар өзін-өзі көрсетуден гөрі шынайы нәтижеге де бет түзесе, онда олар бәрібір бірігуге мәжбүр болады - себебі практикалық шешім үшін жалғыз жарым дауыс ғана емес, ұжымдық күш-жігер керек. Саяси партиялар институты деген осы.(https://time.kz/articles/reporter/2019/08/14/azat-peruashev-peremeny-nuzhny-i-dazhe-neizbezhny).

Біз бір мандатты округтер бойынша сайланған әріптестерге үлкен құрметпен қараймыз. «Бір мандаттылар» біздің фракцияның ұстанымымен ынтымақтасып та дауыс беріп жатады. Бірақ олардың қандай жол мен қандай қара пиар ағынынан өткенін ойласақ – бұл ең жақсы жол емес екенін түсінеміз. Оның үстіне бұл шабуылдар мен кедергілерді жеңе алмаған үміткерлер үшін жақсы жол емес.