05
Шілде

"Ақ жол" депутаты Дания Еспаева аутист балаларға арналған орталықтарда болды

5 шілде 2022 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының Ақтөбе облыстық филиалы

Бүгін Мәжіліс депутаты, "Ақ жол" фракциясының мүшесі Дәния Еспаева Ақтөбе облысындағы аутист балаларға арналған "ЛогоРитм" педагогикалық түзету орталығы және "Білім векторы" оқу орталықтарында болды.


Қазіргі таңда түзету балабақшасында психикалық дамуы тежелген және аутизммен ауыратын 30-ға жуық бала тәрбиеленуде.

Бұл балабақша 37 балаға мемлекеттік тапсырысқа өтініш берген болатын, бірақ мемлекеттік құрылымда барлық құжаттармен бірге өтінішті қабылдап, түзету бойынша балаларға жан басына қаржыландыру қарастырылмағаны айтылды.

Осыған байланысты, ата-аналардың айтуы бойынша олар түзетудің толық құнын төлеуге мәжбүр, ал мамандандырылған емес балабақшаларда жан басына қаржыландыру ұсынылады. Өкініштісі, аутист балалары бар көптеген ата-аналар бұл түзету балабақшасына бара алмай, мүмкіндігінен айырылып отыр.

Бүгінгі күні ресми деректер бойынша облыста шамамен 6000 аутист бала бар. Қолданыстағы мемлекеттік түзету бақшалары бұл балалардың оннан бір бөлігін қамтымайды.

Балалардың ата-аналары 4 және одан да көп жыл күтуге мәжбүр. Дамыған елдерде ғылыми дәлелденгенімен, мұндай балалар 2 жастан бастап түзетіледі. Ал біздің балалар ең құнды ресурс уақытты босқа ысырап етіп, қалпына келтіру мүмкіндігін жіберіп алып отыр!

Жеке орталықтар мен түзету бақтарының арқасында төлемді бірлесіп қаржыландыру болған кезде аутист балаларды қамтуды бірнеше есеге арттыруға болады.