5 шілде 2022жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының Ақтөбе
филиалы
Бүгін
"Ақ жол" фракциясының депутаты "Standard Life" ӨСК" АҚ
Ақтөбе облыстық филиалының ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында депутат
Парламент қабырғасында қаралып жатқан заң жобалары туралы айтып берді. Қаралған
және Президентке қол қоюға бағытталған "...Сақтандыру және бағалы қағаздар
нарығын реттеу мен дамыту мәселелері туралы" заң үлкен қызығушылық
тудырды.
Кездесуге
қатысушылар заңға енгізілген өзгерістердің, сондай-ақ жаңа әлеуметтік маңызы
бар өнімдерді енгізудің маңыздылығын атап өтті. Халықтың сақтандыру өнімдері
туралы жеткілікті ақпараты жоқ екендігі және азаматтардың өмірі мен мүлкін
ерікті сақтандыруды дамыту тиісті деңгейде емес екендігі атап өтілді. "ҚР
азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы
туралы" заң жобасын талқылау кезінде көптеген сұрақтар болды.
"Ақ
жол" депутаты борышкерге өзінің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру
мүмкіндігінің құралдары, оның ішінде соттан тыс банкроттық, төлем
қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы рәсімдері туралы айтып берді. Ұжым негізінен әйелдерден тұратынын ескере
отырып, әйелдер үшін зейнеткерлік жас мәселелері қозғалды. Әйелдердің жасын
бұрынғы 58 жасқа дейін қысқарту қазір Үкіметте талқылануда.
Кездесуге
қатысушылар Үкіметтің зейнетке шығу мерзімін 58 жасқа дейін қысқартатынына үміт
білдірді және әйелдердің 58 жастан асқандарға ерікті түрде зейнетке шығу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Бұл
туралы пікірталас қызу өтті.