30
Мамыр

«Ақ жол» депутаты Дәния Еспаева Ақтөбе қаласындағы "Энергосистема" ЖШС ұжымымен кездесті

30 мамыр 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Ақтөбе облыстық филиалы

Конституциялық референдум өткізуге санаулы күндер қалды.  Ата Заңның 33-бабында ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар қазіргі және болашақ ұрпақтың, жалпы халықтың тағдырына тікелей әсер ететіні сөзсіз. Осындай тарихи оқиғаға белсенді қатысу - әрбір адамның басты борышы.

Жалпыхалықтық референдумның маңыздылығын түсіндіру, референдум төңірегіндегі сұрақтарға толыққанды жауап беру, қоғамдық пікірді талқылау үшін 30 мамырда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дания Еспаева Ақтөбе қаласындағы "Энергосистема" ЖШС ұжымымен кездесті.


Конституциялық реформаның нәтижесінде биліктің заң шығарушы тармағы елеулі түрде қайта форматталатын болады, Парламент пен оның палаталарының рөлі едәуір күшейтіледі, мәртебесі көтеріледі. Сенат Президенттің конституциялық соттың және Жоғары Сот кеңесінің төрағаларын тағайындауын келісетін болады. Мәжіліс депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша: біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша, сондай-ақ бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын болады. Аралас сайлау жүйесін енгізу барлық азаматтардың құқықтарын неғұрлым толық ескеруге, сайлаушылардың мүдделерін толығырақ білдіруге мүмкіндік береді, - деді Д. М. Еспаева.

Өз кезегінде, кеңеске қатысушыларды сайлау жүйесіне енгізілетін өзгерістер туралы өздерін қызықтырған сұрақтарды депутатқа қойды.