16
Мамыр

«Ақ жол» депутаты Дәния Еспаева Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды

16 мамыр 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Ақтөбе облыстық филиалы

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол" партиясы фракциясының мүшесі Дәния Еспаева Ақтөбе ферроқорытпа зауыты - "Қазхром "ТҰК"АҚ ұжымымен кездесті. 


Депутат металлургтермен Конституцияның елді дамытудағы рөлі мен жаңа Қазақстанды құрудағы конституциялық реформаның маңыздылығын талқылады.

Дәния Еспаева конституциялық реформа барлық мемлекеттік модельді кешенді трансформациялауға бағытталғанын атап өтті. Түзетулер "супер-президенттік" басқару формасынан ықпалды Парламенті мен есеп беретін үкіметі бар президенттік республикаға түпкілікті көшуді бекітуге арналғанын сондай-ақ, Конституциялық реформа биліктің өкілді тармағын едәуір күшейтеді, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін нығайтады, мәслихаттардың субъективтілігін арттыратынын түсіндірді.

"Өз кезегінде, аудандық және қалалық мәслихаттар депутаттарын сайлаудың толық мажоритарлық жүйесін енгізу азаматтар үшін өңірлердегі ахуалдарға неғұрлым тиімді ықпал етуге мүмкіндік ашады", - деп мәлімдеді ол.

Кездесуде ұжым мүшелері зейнет жасын төмендету мүмкіндігі туралы өз ұсыныстарын айтты, және басқа да мәселелер талқыланды.

Жиын соңында, Дәния Еспаева бүкілхалықтық дауыс берудің рөлін атап, референдумға қатысуға шақырды.

Одан әрі мәжілісімен "Samal cakes" кондитерлік цехына барды. Депутат кондитерлік цехтің жұмысымен танысып, еңбек ұжымдарына 5 маусымда өтетін референдум жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


Айта кетейік, қазіргі таңда, аталмыш еңбек ұжымында 120 дан аса адам жұмыс жасайды. Еңбек ұжымын басқарып отырған Самал Әділханқызы, кәсіпкер ретінде 2018 жылы тіркелген. Осындай қысқа уақыт аралығында Ақтөбе қаласының үздік кондитері деп танылды.

Жиын барысында, цех жұмысшылары қалалар мен аудандардағы мәслихаттардың сайлау мәселелеріне қатысты өзгерістердің қалай жүзеге асатындығы жөнінде сұрақтар қойды. Депутат сайлау жүйесіндегі күтілетін өзгерістерге егжей-тегжейлі тоқталып, ұжымның еңбегіне сәттілік тіледі.

Мұнан соң депутаттар "Agtobe su energy group" АҚ ұжымымен кездесіп, компанияның жұмысымен танысты.

Компания басшылығы кәсіпорынды жаңғырту және қайта жарақтандыру қажеттілігімен байланысты проблемаларды сондай-ақ, 1981 жылы қала үшін салынған және 200 мың тұрғынға есептелген тазарту құрылыстары бүгінде өз функцияларын толық орындай алмайды және қала халқының саны екі еседен астам өсті және ұйымның балансында тұрған тазарту қондырғыларының жабдықтары тазарту көлемін жеңе алмайтындығын атап өтті.


Депутаттар қалыптасқан жағдайды бақылауға алатынын айтып, жұмысшыларды 5 маусымында референдумның қарауына шығарылатын конституциялық реформалар жобасымен таныстырды. 

Дәния Еспаева саяси жүйедегі күтілетін өзгерістер, мәслихат және Парламент сайлауына қатысты өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ол өзгерістер біздің қоғамның барлық аспектілерін қамтитынын, сондықтан еліміздің әрбір азаматының қатысуы талап етілетінін атап өтті.

Кездесуге қатысушылар Конституцияның нақты баптары бойынша сұрақтар қойды. Талқылау қызықты болды. Ұжым басшылығы мен оның қызметкерлері референдумды  қолдап,  дауыс беруге дайын екендіктерін білдірді.