19
Мамыр

«Ақ жол» депутаты Дәния Еспаева ақтөбеліктерді референдумға белсенді қатысуға шақырды

19 мамыр 2022 жыл, «Ақ жол» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Дәния Еспаева Ақтөбе қаласындағы  «Облыстық медициналық жедел  жәрдем бекеті» ұжымымен кездесті. 

Депутат ең алдымен медицина қызметкерлерін пандемея кезіндегі ерлігі үшін алғыс айтудан бастады.


Кездесуге жиналған  «Облыстық медициналық жедел  жәрдем бекеті» ұжымына 5 маусымда өтетін референдумның маңызы мен қажеттілігін түсіндірді.

Оның айтуынша Жаңа Қазақстан құрудағы референдумның орны ерекше. Себебі саяси реформа мемлекеттік басқару жүйесін жаңа арнаға бұрады.  Парламент пен палатаның рөлі едәуір күшейіп, мәртебесі көтеріледі. Әсіресе жер және оның байлығы халықтың меншігі деген концептуалды тың тұжырым жасалып отыр.

Жиын соңында, «жедел жәрдем» қызметкерлері референдумды қолдайтынын және дауыс беретін айтты.

Мұнан соң мәжілісімен "Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі"  студенттермен және оқытушылар құрамымен кездесу өткізді.


Депутат 5 маусым күні өтетін референдумнан күтілетін өзгерістер төңірегінде айтып берді.  Жаңа Қазақстандағы жаңа өзгерістер үкімет пен халық арасындағы алтын көпір болмақ.  Себебі, Конституциямыздың 33 бабына енетін өзгерістердің қайсыбірін алып қарасақта, үкімет пен халық арасындағы диалогтың орнайтынын көреміз. Сонымен қатар, билік "суперпрезиденттік" басқару формасынан Президенттік басқару формасына көшеді.  Бұл дегеніміз,  президент өз өкілеттігін Парламентке береді деді ол.

Жиын қатысушылар референдумға қызығушылық танытып,  5 маусым күні дауыстарын беретінін айтты.

Сондай-ақ, депутат Дания Еспева "Ақтөбе металл құрастыру" заводына барып еңбек ұжымдарымен кездесті.


Депутат ең алдымен зауыттың тыныс тіршілігімен танысып,  әлеуметтік мәселелеріне ден қойды. Одан әрі кәсіпорын ұжымымен сұқбаттасып,  елімізде күтілетін саяси реформаларға кеңінен тоқталып өтті.

Оның айтуынша, мемлекет басшысы ұсынған  саяси реформалар Жаңа Қазақтанның діңгегіне айналады. Билік пен халық арасында қарым-қатынас орнатылып,  билік жүйесі халықпен санасатын болады. Себебі, Конституциямыздың сайлау жүйесіне енгізілмек өзгерістер және жер заңына енгізілуі тиіс өзгерістер осының дәлелі.

Дәния Еспаева Ақтөбеге сапары барысында, «Ақтөбе Жоғары Политехникалық колледжі» студенттерімен және оқытушыларымен конститутциялық референдумды талқылады.

Жиын барысында, депутат ағымдағы жылдың 5 маусымында референдумның қарауына шығарылатын конституциялық реформалар жобасымен таныстырып, ең негізгілеріне кеңінен тоқталып өтті.


Жиынға қатысушылар өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

Кездесу соңында, Парламент өкілі 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие ҚР азаматтарын, 2022 жылдың 5 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер бойынша республикалық референдумға қатысуға шақырды.

Сонымен бірге халық қалаулысы Дания Еспаеваның Ақтөбе қаласындағы сапары Әлімхан Ермеков атындағы №23 орта мектеп-лицейінде жалғасты.


Жиналыс барысында талқыланған негізгі тақырып 5 маусымда өтетін референдумның маңыздылығы мен қажеттілігіне қатысты болды.

Өз кезегінде депутат Конституцияға енгізілетін негізгі өзгеріс пен толықтыруларға кеңінен тоқталды.

Жиынға қатысқан мұғалімдер педагогтардың квалтесті туралы сұрақтар қойып, мұғалім тәжірибесіне сай тестілеуді тоқтатуды ұсынды.

Отырыс соңында Парламент мүшесі бұл мәселелерді қарастыратынын айтып, мұғалімдерді референдумда дауыс беруге шақырды.