26
Мамыр

«Ақ жол» депутаттары Ақкөл ауданының тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру кездесулерін өткізді

26 мамыр 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалы

«Ақ жол» депутаттары Ақкөл ауданының тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру кездесулерін өткізді. Алғашқы кездесу Ақкөл қаласының өрт сөндіру бөлімінде өтті.

Депутаттар қызметкерлерге алдағы референдум және Конституцияға енгізілетін түзетулер туралы айтты. Әңгіме барысында өрт сөндірушілер тұрғын үй, бағаның өсуі сияқты өздерін толғандырған мәселелермен бөлісті.


Одан кейін депутаттар Ақкөл элеваторының еңбек ұжымы «Астық қоймалары» ЖШС-мен, ауданның ауыл шаруашылық өндірушілері - Азат ауылындағы «SC Food» ЖШС-мен кездесті. Шара барысында негізгі заңға енгізілетін түзетулер де талқыланды. Депутаттар кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Ақкөл ауданына сапар Исақов атындағы №1 қалалық мектептің педагогикалық құрамымен кездесумен аяқталды. Мұғалімдер конституциялық реформа туралы ақпаратты қызығушылықпен тыңдап, «жаңарту», ҰБТ, мұғалімдерді аттестаттауға қатысты проблемалық мәселелерді айтты.

«Ақкөлдіктер» елдегі жүргізіліп жатқан саяси реформаларға қолдау білдіріп, дауыс беруге белсенді қатысатындарын айтты.

«Мұндай жаһандық реформалар халықтың қолдауына мұқтаж, демек, референдумға келіп, өз дауысын беру керек», - деп атап өтті кездесуге қатысушылар.

Сайлаушылар көтерген барлық мәселелер депутаттар тарапынан қаралып, «Ақ жол» фракциясының алдағы жұмысында пайдаланылатын болады.