27 мамыр 2023 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» демпартиясының басшылығы өңірлерде биыл өткен сайлауда кандидаттарымызды қолдап, сенімді өкілдер мен бақылаушылар болған еңбек ұжымдарының өкілдерімен кездесуде.
Кеше Алматыда Азат Перуашев Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысындағы Парламент және мәслихаттар сайлауына қатысқан өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлерімен, кандидаттармен және партия байқаушыларымен кездесті.
Демпартия төрағасы кампания жұмыстарын қорытындылай келе, үгіт-насихат жұмыстарында, әсіресе сайлаушылардың дауысын қорғауда көрсеткен азаматтық ұстанымы мен табандылығы үшін қолдаушыларға алғысын білдірді.
А.Перуашев осылайша «Ақ жол» жақтастары партия жұмысының нәтижелеріне ғана емес, сонымен қатар қазіргі Қазақстандағы демократияны қорғауға, парламентаризм қағидаттарын ілгерілетуге жеке үлес қосқанын атап өтті.
Өткен сайлау бұрын-соңды болмаған қызу бәсекелестік пен көзқарастар қақтығысы жағдайында өтіп, бұл Республиканың жаңа саяси жүйеге көшуін айғақтады.
Осының барлығы партия белсенділерінен күш-жігерді жұмылдыруды, өз ұстанымдарына берік болып, нәтижелерін қорғауға дайын болуды талап етеді.
Бір топ байқаушылар мен сенімді өкілдерге «Ақ жол» демпартиясының алғыс хаттары мен «Әділ сайлау қорғаны» төсбелгілері табыс етілді.
Олардың қатарында заң бұзушылықтарды тіркеп, наразылық білдіріп, осы учаскедегі сайлау комиссиясының толық құрамын шеттетіп, ауыстыруға қол жеткізген байқаушымыз Зәуре Ахметжанова бар.
Сонымен қатар, өз кәсіпорындарының ұсынысы бойынша бірқатар қызметкерлер өндірістегі көп жылғы еңбегі үшін «Еңбегім Еліме» құрмет белгісімен марапатталды.
Азат Перуашев үш филиалдың активі мен олардың депутаттарын сайлау қорытындысымен құттықтап, ендігі міндет парламент пен мәслихаттардағы күнделікті және принципті жұмыс арқылы сайлаушыларымыздың сенімін ақтау екенін баса айтты.
Сондай-ақ, ол алдағы аудан, қала әкімдерінің сайлауына қатысу және байқау үшін барынша берік және білікті қолдаушылардан тұрақты топтар құруды тапсырды. «Жаңа саяси жүйеде сайлау процесі перманентті сипатқа ие болады, - деп атап өтті А.Перуашев, - сондықтан партия өз бағдарламасы мен сайлаушылары үшін күресуге дайын болуы керек».