09
Маусым

«Ақ жол» партиясы банктерге әділ салық салуды енгізуді ұсынып отыр

9 маусым 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

«Ақ жол» банктерге әділ салық салуды енгізуді ұсынады, бұл туралы Азат Перуашев Үкімет пен Есеп комитетінің 2021 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін талқылау барысында мәлімдеді.

«Ақ жол» басшысы өз сөзінде Есеп комитетінің қорытындысында көрсетілген келеңсіз жайттарды атап өтіп, экономикадағы жағдайды сынға алып, оны банктердің дұрыс емес саясатымен байланыстырды. (https://akzhol.kz/kk/blog/kmett-biudzhett-atarlu-tural-eseb-bojnsha-a-zhol-dp-frakciiasn-stanm ).

Экономикадағы мұндай жағдайдың субъективті себептерінің қатарында «Ақ жол» фракциясы Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінің ақылға қонымсыздығынан және тұтастай алғанда Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктердің мүдделерін қорғауынан көреді.

Осы орайда Азат Перуашев кешегі Салық кодексін талқылау барысында МКК басшылығы жариялаған мәліметтерді келтірді.

«Банктерге түсетін салық жүктемесі оларды бүкіл экономика – мемлекет, бизнес, халық қаржыландырғанмен, небәрі 2-5 пайызды құрайды. Азаматтар 10 пайыз табыс салығын төлейді, бизнеске түсетін салық ауыртпалығы 40 пайыздан асады, ал, банктер ешкімге қарыз емес. Сондықтан экономика құлдыраған кезде олар, керісінше, кірістерін өсірді. Бюджеттің резерві осында, құрметті Үкімет мүшелері. Әділетті Қазақстан құрамыз десек, салық салуды да әділ негізге қоятын кез келді», - деп атап өтті А.Перуашев.

"Ақ жол" басшысының айтуынша, несие беру бұрмаланды, өндіріс орнына несиенің 60%-ы тұтынуға кетеді (кәсіпорындар үшін 7,7 трлн, жеке тұлғалар үшін 10,7 трлн). Халық табысының 18 пайызы тұтынушылық несиені өтеуге кетеді!

«2017 жылдан бері ауыл шаруашылығын несиелендіру 3 есеге қысқарды, ал салалық несиелеу 5 жыл бұрынғы деңгейде қалды. Ешқандай өсу жоқ! Нақтысектор айналым қаражатына қол жеткізудің күрделі мәселелерін бастан кешіруде», - деді партия төрағасы.

Ақпарат үшін: «Ақ жол» ҚДП фракциясы дауыс беру кезінде Үкіметтің бюджеттің атқарылуы туралы есебін қолдамады.