23 маусым 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының
Ақмола облыстық филиалы
Жыл сайын аталып өтілетін еліміздің мемлекеттік қызметшілері күні «Ақ жол»
партиясының Ақмола облыстық филиалы бір топ мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен
құттықтады.
Алдымен, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасында барды. Басқарма басшысы
Алтынай Әміреноваға гүл шоғын табыстап, партиялық жұмыстарды қадағалайтын бөлім
басшысы Архат Айбабин мен бөлім қызметкері Вячеслав Панасюраға партия төрағасы
Азат Перуашевтің «Алғыс хаты» мен естелік сыйлықтармен марапаттады.
Мұнан соң Ақмола облыстық мәслихатының қызметкерлерін құттықтады. Облыстық
мәслихатта «Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық фракциясы тіркелген. Фракция
мүшелерінің (депутат) саны 13 (он үш), олар облыстың әр деңгейдегі
мәслихаттарында халықтың ұсыныс-тілектерін тыңдап, билікке жеткізіп, өңірдің
дамуына үлестерін қосып жүр.
Айтулы мереке күні облыстық мәслихаттың депутаттармен тікелей жұмыс
істейтін бас маман Жанна Искаковаға да партия басшысы Азат Перуашевтың «Алғыс
хатын» және естелік сыйлығын табыстады.