5 шілде 2022жыл, "Ақ
жол" демократиялық партиясының Ақтөбе облыстық филиалы
Мәжіліс депутаты, "Ақ жол"
фракциясының мүшесі Дәния Еспаева көпбалалы
аналардың бастамашыл тобының өтініші бойынша олармен кездесу өткізді.
Кездесуге келген 30-дан астам жалғызбасты аналар мен көп балалы аналар
өздерін мазалаған сұрақтарымен бөлісті. Олар бизнес
құруға мемлекеттен бөлінетін гранттардың қол жетімділігі, тұрғын үй кеңістігін
кеңейту мүмкіндігі, кредиттерге байланысты проблемаларға және қаржы ұйымдарының
төлемдер бойынша мерзімін кейінге қалдыруы бойынша мәселелер
көтерді.
Қазіргі таңда олардын
барлығын қиын жағдайдан шығу, өз ісін бастау және кредиторлармен есеп айырысу мүддесі біріктіреді.
Кездесу барысында Парламент қарастырып отырған "Жеке тұлғалардың
банкроттығы туралы" заң туралы айтылды. Бұл заң оларды барлық мәселеден
құтқармаса да, кейбіреулеріне қарызды жабуға кеңшілік беру немесе соттан тыс
банкроттық рәсімінен өтуге мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталған мәселелер жақын арада осы заңды қабылдау қажеттілігін тағы
да дәлелдейді. Кездесуге қатысушылар депутаттың атына өз өтініштерін қалдырып,
олардың шешімін қарауды және көмек көрсетуді сұрады.