15
Желтоқсан

«Ақ жол» партиясының Павлодар облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды

15 желтоқсан 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Биыл 15 желтоқсан күні «Ақ жол» демократиялық партиясының Павлодар облыстық конференциясында облыстық филиалдың жаңа төрағасы сайланды. Енді оны 30 жастағы кәсіпкер, "Rosa Trade Company" компаниясының бас директоры Кайркан Азат Серікжанұлы басқаратын болды. 

Ол Семей қаласының тумасы, Халықаралық бизнес университетінің (UIB) түлегі. Тәжірибелі экономист, сонымен қатар заң саласында тәжірибесі бар білікті маман. Ол еңбек жолын "Дебиторлармен жұмыс бюросы" ЖШС заңгер көмекшісі болып бастаған. Сонымен қатар, “Альянс Банк” АҚ-да проблемалық бөлімнің менеджері, “Астана Банкі” АҚ-да аға кредиттік сарапшы, “Beerland” ЖШС-де директор қызметтерін атқарған.


Азат Кайркан үзеңгілестерінің өзіне білдірген сенім үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол биылғы «Ақ жол» партияның 20 жылдық мерейтойын атап өткендігін, партияның осы уақыт ішінде қоғамдағы алар орны мен саяси күшінің жоғары екенін атап өтті.  «Ақ жолға» зиялы қауым өкілдері, бизнесмендер мен жастар ғана емес, барша қазақстандықтардың да сенетінін тілге тиек етті. Осы сенімді ақтау үшін партия алдағы сайлау науқанында өзінің барлық ерік-жігерін көрсетуіне павлодарлықтардың үлес қосуға дайын екенін жеткізді.

Конференция жұмысына «Ақ жол» фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты  Фуат Сатыбаев, жергілікті мәслихат депутаттары мен партия мүшелері қатысты.