20 қараша 2021 жыл, «Ақ жол»
партиясының баспасөз қызметі
Партия лидері Азат Перуашев өз даусын Астана
қаласындағы Тұран көшесінде орналасқан №122 сайлау учаскесінде берді.
– «Мен
халықтық коалиция ұсынған кандидатқа, яғни, Қасым-Жомарт Кемелұлына дауыс
бердім. Бұл менің ғана емес, бүкіл «Ақ жол» демократиялық партиясының съезінде қабылданған осы кандидатураны қолдау
туралы шешімі. Сайлау учаскесінде бюллетень алып, дауыс бердім, бәрі заң
бойынша жасалды. Ешқандай заң бұзушылықты байқамадым. Жалпы, 7 жыл – Мемлекет
басшысының жоспарларын жүзеге асыруға мол мүмкіндік беретін кезең. 7 жылда көп
нәрсе жасауға болады. Бұл жерде ең маңыздысы, «Ақ жол» партиясының саяси
бағдарламасының атауында айтылғандай «Түбегейлі өзгерістерді» соңына дейін
жеткізу. Саяси ландшафты жүйелі түрде, кезең-кезеңімен жаңартып отыру қоғам
өмірі мен дамуының игілігі үшін пайдалы деп есептейміз.
16 наурызда Президент бастамасымен
басталған өзгерістер келесі кезеңге өтіп, тереңдей түседі деп үміттенемін. Біз
жүйенің демократиялануын, ашықтықты, мемлекет пен қоғам арасындағы, саяси
институттар арасындағы шынайы қарым-қатынасты күтеміз, сондықтан алда көп жұмыс
бар. Қоғам үлкен, терең, шешуші өзгерістерді талап етуде. Ал президенттің бұл
өзгерістерді жүзеге асыруға бел байлағанын көріп отырмыз. Сондықтан
көмектесеміз, жұмыс істейміз», - деді Азат Перуашев
Сондай-ақ, осы учаскеде «Ақ жол» фракциясының
мүшелері, Мәжіліс депутаттары Серік Ерубаев, Мақсат Раманқұлов, Ерлік
Өмірғалилар да дауыс беріп, өз таңдауларын жасады.