13
Шілде

«Ақ жол» партиясына Артспорт қауымдастығы жүгінді

2022 жыл 13 шілде, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

«Ақ жол» партиясының кеңсесінде Артспорт бағдарламасын жүзеге асырудағы проблемалық мәселелер талқыланды. Бұған дейін «Ақ жолға» Артспорт қауымдастығы мен бизнес, қоғам және мемлекет байланысы жөніндегі спорттық және шығармашылық тапсырыстарды қаржыландырумен айналысатын қауымдастық жүгінген болатын.


Айта кетейік, Артспорт бағдарламасы өткен жылдан бері жұмыс істеп келеді және балаларды тегін спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерде жаппай қамтуға бағытталған. Бағдарламаны қоғам қуана қарсы алды, оны бизнес те белсенді түрде қолға алды. Алайда, оның кемшіліктері мен олқылықтары бірқатар проблемаларға әкелді.

Жақында МСМ бағдарламаны қаржыландыруды едәуір қысқартуды, үйірмелер мен секциялар түрлерін азайтуды, қолжетімділік бойынша, жасына қарай бірқатар критерийлерді өзгертуді, бағдарлама шарттарын қатаңдатуды көздейтін бұйрық жобасын дайындағаны белгілі болды. Бұдан басқа, бағдарламаға қатысуы бұрын шектелген білім беру ұйымдарын қосу жоспарланған болатын, өйткені мұндай ұйымдар жалға алудың ақысын төлемейтіндіктен, оларда құрал-саймандармен, залдармен және кадрлармен проблемалар болмағандықтан, кәсіпкерлерге олармен бәсекелесу қиын.

Жақында жоғарыда аталған бұйрық жобасы кері қайтарылды. Бірақ кәсіпкерлер түзетулер қажет деп санайды және оны жетілдіруге қатысуға дайын екендіктерін білдіреді.

Депутаттар Д. Еспаева мен А. Жұмабаева ұйымдастырған онлайн-кездесуге МСМ және облыс әкімдіктері де шақырылды. Мәдениет және спорт министрлігі жұмыспен қамтуға сілтеме жасай отырып бас тартты, әкімдіктерден СҚО, Қостанай және Ақмола қосылды, белгілі болғандай - бұл бағдарламаны іске асыру бойынша проблемалары жоқ өңірлер.

Талқылауға Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарының қызмет көрсетуші кәсіпкерлері, бизнес-қауымдастықтардың басшылары белсенді қатысты.

Кездесуге қатысушылар атап өткендей, Бағдарлама үлкен сұранысқа ие, бірақ әлі де пысықтауды қажет етеді. Осылайша, электрондық портал техникалық тұрғыдан пысықталмаған. ArtSport.edu.kz бағдарламасының ережелері бұзылуда, жеткізушілерді іріктеу тәртібі әзірленбеген және мемлекеттік тапсырыстағы монополистердің саны өсуде.

Сонымен қатар, оператор мен жеткізуші арасында келісім-шарт жоқ, қаржыландыру тәртібі мен сомасы көрсетілмеген. Сандық платформа балалар тізімдерінің дұрыстығын тексеруге мүмкіндік бермейді, сондықтан "өлі жандар" проблемалары пайда болады. Көбінесе жосықсыз өнім берушілер қауіпсіздік бойынша қарапайым талаптарды орындамайды.

Бағдарлама шарттарын жетілдіру және оны тиімді іске асыру бойынша кәсіпкерлердің ұсыныстары операторға - мәдениет және спорт министрлігіне жолданатын болады.