15
Қазан

«Ақ жол» партиясында «Банктер және банк қызметі туралы» Заңдағы қызметтің осы түрін реттеу бойынша ұсыныстарды талқылау өтті

https://t.me/peruash/14175

Кеше «Ақ жол» демократиялық партиясының орталық ғимаратында Исламдық қаржыландыру қауымдастығының өтініші бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар мен нарық қатысушыларының қатысуымен «Банктер және банк қызметі туралы» Заңдағы қызметтің осы түрін реттеу бойынша ұсыныстарды талқылау өтті.

Талқылау барысында Исламдық қаржыландыру және бизнес қауымдастығының басшысы Мәдина Тукулова қазіргі жағдайға қатысты өз көзқарасын білдірді.

Қауымдастықтың мәліметінше, бүгінде екі миллионнан астам азамат ислам дінін ұстанады (яғни, тұрақты түрде діни рәсімдерді сақтайды), олардың айтарлықтай бөлігі (кем дегенде 10%) кәсіпкерлікпен айналысады.

Алайда, діни шектеулерге байланысты (ислам өсімқорлыққа, яғни, берілген немесе қарызға алынған ақшаның пайызын алуға немесе төлеуге тыйым салады) олар қаражатты депозитте сақтай алмайды, несие ала алмайды, т.б.

Сондықтан олардың жинақтары көбінесе қолма-қол ақша түрінде сақталады, экономикалық айналымнан шығарылып, қосымша құн жасауға қатыспайды. Оның үстіне, олар көбінесе базарлардағы саудамен айналысатын болған соң (контрафактілік өнім үлесі бар жерлер), бұл қаражаттар көлеңкеде қалады.

Қауымдастық дін ұстанатын кәсіпкерлердің қолындағы мұндай активтердің көлемін 1,8 триллион теңгеге бағалап отыр.

Сонымен қатар, бастамашылардың пікірінше, исламдық банкингті заңнамалық реттеу Қазақстанға Парсы шығанағындағы бай елдерден орасан зор инвестициялық капиталды тартуға мүмкіндіктер ашар еді.

Қауымдастық мүшелері мемлекеттің басты міндеті – бұл қаржыны заңды айналымға енгізу, салық салу және ел экономикасының өсуіне пайдалану үшін жағдай жасау екенін атап өтті. Осыған байланысты исламдық қаржыландыруды дамыту үшін банк заңнамасына түзетулер пакеті ұсынылды. Мәселе исламдық банкинг құралдарын (бизнеске үлестік қатысу арқылы несие беру және қаржыны сақтау т.б.) бекіту және ынталандыру, кәдімгі банктерде «ислам терезелерін» құру және т.б. жөнінде.

«Ақ жол» фракциясы «Банктер және банк қызметі туралы» заң бойынша тиісті түзетулерді жұмыс тобының қарауына енгізіп қойғанын, қазіргі уақытта үкімет пен Ұлттық банктің қорытындысын күтіп отырғанымызды хабарладым.

Сонымен бірге ұлттық заңнамаға шариғат заңдарын танып беруге болмайтынын атап өттім. Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет, сондықтан, елде Конституция жұмыс істеп, заңдарымыз қолданылады.

Ұсынылып отырған тәсілдер ұлттық мүдделерімізге сәйкес келетін және мемлекеттің зайырлы сипатына күмән келтірмейтін бөлігінде біз оларды қолдаймыз.

Сонымен қатар, біз мұсылмандар ретінде, бұл фактордың экономикалық процестерге әсерін түсінеміз және діни дәстүрді ұстанатын әріптестеріміздің активтерін заңды экономикалық айналымға енгізуге мүдделіміз. Сондықтан бұл тәсілдерді уәкілетті мемлекеттік органдармен бірге зерделейтін боламыз.

Дегенмен, ислам банкингінің шарттары қаржыландырудың басқа түрлері үшін негізсіз артықшылықтар туғызбау үшін бәсекеге қабілетті ортада қалуы керек.

ҚНДРА департамент директоры Мәдина Зәкіржанова «Ақ жол» фракциясы банктік заңнамаға исламдық қаржыландыруға қатысты ұсынып отырған түзетулер бойынша агенттік Үкімет пен Ұлттық банкке ұстаным әзірлеп жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, банктік қызметтерді кеңейтуге қатысты кейбір түзетулер қолдауға ұсынылғанымен, іргелі көзқарастарды өзгертуді талап ететін бірқатар бастамалар әрі қарай зерттеу үшін кейінге қалдыруға ұсынылған.

Жиын соңында олар Мәжілістегі жұмыс тобының шешімімен бекітілген ұсынысқа реттеушілердің ресми қорытындысын күтуге келістік. Басқа мәселелер бойынша әдеттегідей байланыста болып, жұмыс барысында талқылауларды жалғастырамыз.