20
Мамыр

«Ақ жолдың» Астана қалалық филиалы жастар қанатына «Шешендік өнер және коммуникация тиімділігі» тренингін ұйымдастырды

20 мамыр 2023 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Астана қалалық филиалы  

20 мамырда Астана филиалы студенттерге алғаш рет «Шешендік өнер және коммуникация тиімділігі» тақырыбында тренинг өткізді,  баяндамашы ретінде Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қоғаммен байланыс» кафедрасының магистрі болды В.Риш шақырылды.


Тренингтің мақсаты қоғам алдында сөйлей алудың саяси партиялар жұмысындағы және саяси мансаптағы маңыздылығы туралы әңгімелеу, жастардың адамдармен қарым-қатынас жасау (әлеуметтік қарым-қатынас) дағдыларын дамытуға көмектесу, сөйлеу кезінде интонацияны, тембрді және дауыс екпінін басқаруға үйрету, сенімді және жарқын сөйлеу, жұртшылықтың назарын аудару, пікірталас барасын ұстанымды сауатты түрде дәлелдеу және ойын анық жеткізу. Еліміз бен әлемдік аренадағы белгілі саясаткерлердің көпшілік алдында сөз сөйлеу жағдайлары сараланды. Сондай-ақ, өткен сайлау науқанындағы «Ақ жол» партиясы кандидаттарының сөйлеген сөздерін, электоратпен диалогын, сайлау күні сайлау учаскелеріндегі даулы жағдайларды және волонтер студенттеріміздің көрерменге айналған теледебаттарын жан-жақты талдадық.

«Ақ жол» демпартиясының Астана қалалық филиалында саясаттану магистрі Әмірлан Нұрғазиннің жетекшілігімен филиалдың жастар қанатының құрамына енген елордалық жоғары оқу орындарының студенттері үшін саясаттану клубы құрылған. 

ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы кезеңінде клуб мүшелері «Ақ жол» партиясының еріктілері атанып, алған білімдерін іс жүзінде қолдана отырып, үгіт-насихат жұмыстарына қатысты: үнпарақтар, плакаттар таратып, сайлау учаскелерінде бақылаушылар болды.

Әлемдік саясат пен Қазақстанның саяси өміріне қызығушылық танытатын кез келген студент клуб отырыстарына қатыса алады. Кездесулер форматына пікірталас, дебаттар, баяндамалар мен ойындар кіреді.

Астана қалалық филиалы елордалық жастармен жұмысты жалғастырып, олармен саяси ағарту жұмыстарын жүргізіп, сондай-ақ партияның саяси бағдарламасының маңыздылығын насихаттайды.