06
Мамыр

"Ақ жол" фракциясы шағын және орта бизнесті "коронадағдарыстан" қорғау шараларын ұсынды

6 мамыр 2021 жыл, « Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

«Ақ жол» фракциясы ШОБ-ті «коронакризис» ықпалынан қорғау бойынша бірқатар шараларды ұсынды. Олар туралы Азат Перуашев бюджетті нақтылау бойынша сөйлеген сөзінде айтты.

«Қазіргі ауыр жағдайлардың өзінде Үкімет ЖІӨ-нің өсуіне қол жеткізді, оның үстіне экономиканың барлық негізгі салаларында - ауыл шаруашылығында, өңдеу өнеркәсібінде, құрылыста, саудада және т.б. Мұндай нәтижелер үшін, әсіресе, оларға орын алған шиеленіс пен өте күрделі жағдайды ескеркере отырып, Үкіметтің қаржы-экономикалық блогына тиісті баға беру керек», - деп демократиялық фракцияның басшысы Парламентте атап өтті.

«Дегенмен, барлық секторларда отандық өндірістің өсуіне қарамастан, бір мезгілде шетелдік тауарлар импортының 700 млн долларға немесе 290 млрд теңгеге өсуі жоспарланған, оның себептері неғұрлым мұқият талдауды талап етеді.

Бізді адастыруда немесе біз елге қажет емес нәрсені өндірудеміз».

Азат Перуашев Ұлттық банкті базалық мөлшерлемені төмендетуге және «өмірлік қиын жағдайға тап болған» бизнес пен халыққа берілетін несиелер бойынша мөлшерлемлерді 4-5%-ға дейін төмендетуге шақырды.

«Ұлттық Банк тұлғасында мемлекеттің осы бағыт бойынша шығындарды айтарлықтай қысқарту мүмкіндігі бар деп есептейміз, оның үстіне базалық мөлшерлеме Үкіметтен тәуелсіз белгіленеді», - деп толықтырды депутат.

Фракция жетекшісі пандемияға байланысты ШОБ жұмысын шектеу тақырыбын да қозғады: «ЭЫДҰ елдерінің көпшілігінде бүгінгі таңда шектеулер кезең-кезеңімен алынып тасталуда, ШОБ, сауда және қызмет көрсету саласы қалыпты жұмысқа қайта оралуда және адамдарда қалыпты жалақы алу мүмкіндігі пайда болуда. Бұған ең алдымен халықты уақтылы жаппай вакцинациялаудың арқасында қол жеткізілді, ал бізде бұл жұмыс сәтсіз аяқталды.

Нәтижесінде денсаулық сақтау ғана емес, бүкіл ел, бүкіл экономика зардап шегеді. Бизнес нысандары жабылуда, адамдар жұмысынан айырылып жатыр және бір жылдан бері түсініксіз деігейде өмір сүруде».

А.Перуашевтің пікірінше, бұл кәсіпкерлердің орта таптан кедейлер қатарына «жылжуына» алып келді: «Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, пандемия кезеңінде Қазақстанда кедейлердің саны 1,5 млн адамға артты. Біздің ойымызша, ең алдымен бұл күйреген кәсіпкерлер және олардың бұрынғы қызметкерлері. «Атамекен» палатасының мәліметінше, пандемия кезінде 430 мың ШОБ нысаны жұмысын тоқтатты немесе толығымен жабылды.

Бұл адамдар бүгінде қиын жағдайда, оларда күнкөріс көзі жоқ. Бұл ойдан шығарылған факт емес, шындық», - деді депутат.

Кез-келген мемлекеттің негізгі міндеті байлар мен кедейлер арасындағы әлеуметтік алшақтықты азайту болуы керек.

Ұсынылған бюджетті нақтылауда әзірлеушілер мұндай міндетті тіпті жарияламаған да, ал іс жүзінде әр түрлі салалардағы банктер мен монополистер негізсіз байып, халық пен шағын бизнес күйреуінің нәтижесінде әлеуметтік алшақтықтың өсуі айқын байқалады.

Бірақ олар біздің азаматтарымыз және біз мемлекет ретінде оларды қолдауға жауаптымыз, - деп атап өтті Азат Перуашев.

Мұндай міндетке қол жеткізудің ең тиімді жолы жеке кәсіпкерлікті дамыту болуы мүмкін. Нақтыланған бюджетте түрлі бағдарламалар бойынша бизнес субъектілерін қолдауға арналған қаржыландыруды 200 млрд теңгеге, тағы 90 млрд – жұмыспен қамту бағдарламасына ұлғайту көзделген. Біз бұл шараларды қолдаймыз.

Бірақ бизнеске деген фискалдық қысыммен, шоттарды қамауға алумен, жұмыс істейтін кәсіпорындарды банкроттыққа жеткізумен қатар мұндай қолдау залалды қарапайым жолмен өтеу сияқты көрінеді, алайда ол толық көлемде нәтиже бере бермейді және әрқашан тиісті адамға қолданыла бермейді.

Кейде «мұндай қолдаудың қажеті жоқ, тек бизнеске жұмыс істеуге кедерге жасамаңдар» дегің келеді.

Демократтар фракциясының жетекшісі ТІЖ бойынша пилоттық жобаны кейінге қалдыру туралы мәлімдеген Қаржы министрлігіне ризашылығын білдірді. «Бұл дұрыс және орынды шешім», - деді ол.

Бірақ бүгінде мыңдаған сауда және қызмет көрсету саласының кәсіпкерлері осы талаптардан толық үмітсіздікке ұшырап отыр, олар ТІЖ-дан бас тартуды өтінуде. Көптеген шағын дүкендер қазірдің өзінде жабылып жатыр, олар үш есе көп есеп бере алмайды және қаржылық қуғын-сүргіннен қорқады.  

Бір көзден мемлекеттік сатып алу өндірістік салалардағы бәсекелестікті жойып, тұтас секторларды жемқор қылды. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік кәсіпорындардың орындалып қойған шарттар бойынша төлем жасамауы жеке бизнеске қажетті қаражаттың бюджетке салынғанына қарамастан күйреуге алып келуде. Оған бүгінгі қаралып жатқан құжаттың  әсері бар.

А.Перуашев Үкіметтен осы ескертулер мен ұсыныстарды нақтыланған бюджетті іске асыру барысында ескеруді талап етті.