20
Сәуір

«Ақ жол»: Парламент бюджетті ғана емес, Үкіметтің іс-қимыл Бағдарламасын да бекіту керек

20 сәуір 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Бүгін Мәжілістің пленарлы отырысында республикалық бюджетті нақтылау барысында «Парламент бюджетті ғана емес, Үкіметтің іс-қимыл Бағдарламасын да бекіту керек», - деді Азат Перуашев.

  • Парламент бір-екі аптаның ішінде ондаған мемлекеттік органдар бірнеше ай бойы дайындаған орасан зор қаржылық құжатты қарап, шенеуніктер жасырған сәйкессіздіктерді іздеуі керек.
  • Біз бұл жұмысты жасап жатырмыз және жасай береміз. Бірақ Үкіметтің логикасын жан-жақты түсінбей, кемшіліктердің белгілі бір бөлігі байқалмай қалу қаупі бар.
  • Нәтижесінде, Үкімет жұмысын бағалау бухгалтерлік баға болып табылады: нәтиже бойынша емес, қаражаттың игерілуі бойынша – дебет-кредит-баланс сальдосы.
  • «Ақ жол» мұны Есеп комитетінің жұмысы деп санайды. Оның үстіне Президент оның мәртебесін Аудиторлық палата деңгейіне дейін көтеруде.
  • Ал Парламент есеп-қисап емес, саяси орган.
  • Бюджетті дұрыс бағалау үшін қоғам мен Парламент Үкіметтің нақты тапсырмалары бар іс-қимыл бағдарламасын түсінуі қажет: осынша жұмыс орнын құру, зейнетақы мен орташа жалақыны мынадай деңгейге дейін көтеру, инфляцияны осындай пайыздарға дейін төмендету, аурушаңдық пен жұмыссыздықты азайту, жаңа технологиялық өндірістер ашу т.б.
  • «Сонда Үкіметті де, оны құрған партияны да сандармен емес, халықтың жетістіктері мен өмір сүру сапасымен бағалауға болар еді» - деді партия төрағасы.

Сондай-ақ А.Перуашев 2007 жылға дейін «Үкімет туралы» Конституциялық заңның 7-бабында Үкіметтің Парламентте өз іс-әрекетінің бағдарламасын бекіту міндеті көзделгенін, бірақ кейін бұл норманы ың-шыңсыз алып тастағанын еске салды.

  • «Президенттің жуырдағы Жолдауын ескере отырып, жарияланған конституциялық реформа аясында «Ақ жол» демократиялық партиясы бюджетпен бірге Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасын да Парламенттің бекіту талабын қайтаруға бастамашы болады. Өйткені, мәселе жеке сандарда емес, біз қайда барамыз және оған қалай қол жеткізгіміз келеді деген жан-жақты көзқараста», - деп атап өтті «Ақ жол» басшысы.