27 тамыз 2021 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының баспасөз қызметі
"Ақ жол" демократиялық партиясының және жеке өз атымнан әскери қызметін орындау барысында қаза тапқан бүгінгі күннің батырларының туған-туыстарына қатты қайғырып, көңіл айтамын.
Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз.
Президент Қ.Тоқаев тапсырғандай, трагедияның мұқият тексерілуін талап етеміз.
Болған жағдай қару-жарақты сақтауда жүйелік проблемалардың бір ғана әскери бөлімде емес, қару-жарақ сақтайтын барлық мекемелерде бар екенін көрсетіп отыр.
"Ақ жол" демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалы мен басқа да аймақтардағы бөлімшелеріміз зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді бастайтын болады.