17
Қыркүйек

АЭС салуды қолдау бойынша Жамбыл облысы Сарысу мен Қордай аудандарында кездесу өтті

17 қыркүйек 2024 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық кеңесінің мүшесі, партияның аудандағы үйлестірушісі Шыңғыс Әбдірахманов АЭС салуды қолдау бойынша Сарысу аудандық  Халықтық штабтың мүшелерімен бірге Жаңатас қаласындағы көпсалалы колледж оқытушыларымен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде Халықтық штабтың өкілдері АЭС құрылысының экономикалық және энергетикалық қауіпсіздік тұрғысынан маңыздылығын айтып өтті.

Энергия ресурстарын үнемдеуге қаншалықты ықпал ететінін түсіндірді.

Түсіндіру жұмыстары Жел электр станциясы мекемесінде жалғасты. Энергия өндірушілермен әңгіме энергия көздеріне тәуелділік тақырыбында өрбіді.

Бұдан соң кездесу аудандық Мансап орталығында жалғасты. Кездесулерге облыстық Халықтың штаб өкілдері де қатысты.

Кездесулерде тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды.

«Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық кеңесінің мүшесі, партия атынан Қордай аудандық мәслихатына сайланған депутат Ержігіт Смағұлов АЭС салуды қолдау бойынша Қордай аудандық  Халықтық штабтың мүшелерімен бірге Алға ауылындағы орта мектепте кездесу өткізіп, ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде Халықтық штабтың өкілдері АЭС құрылысының экономикалық тиімді тұстарын айтып өтті. Слайд арқылы нақты мысалдармен түсіндірді.

Кездесулерде тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап ала алды.