03
Қараша

Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Атырау облыстық қоғамдық штаб өкілдері бірқатар кездесулер өткізді

3 қараша 2022 жыл, «Ақ жол» демпартиясының баспасөз қызметі

 

Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Атырау облыстық қоғамдық штабтың мүшелері Айбек Ғабдуллин, Түркбенбай Нұржігітов, Айсұлу Қондыбаева бірқатар кездесулер өткізді. Кездесудің бірі облыстық ауруханада өтті.


Іс-шараны ашқан қоғамдық штаб мүшесі Айбек Ғабдуллин әрбір президенттік сайлау ел өміріндегі ерекше оқиға екенін атап өтті.

– «2022 жылғы сайлауды шешуші және тарихи деп атауға болады, өйткені сайлау ел мен әлем үшін қиын уақытпен қатар келіп отыр. Сіздердің барлықтарыңыз геосаяси жағдайды білесіз, сондықтан біз үшін бірге болу, бірге әрекет ету, патриотизм мен саналылықты көрсету маңызды. Біз бәріміз сайлауға қатысып, азаматтық белсенділігімізді көрсетуіміз керек».




Денсаулық сақтау жүйесінің ардагері, «Amanat» партиясының мүшесі
Түркбенбай Нұржігітов еліміздегі сыбайлас жемқорлықты жоюдың маңыздылығын атап өтті.

- «Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің экономикасы мен әл-ауқатына деструктивті әсер етеді. Парақорлық пен оның өсуі мен өркендеуіне ықпал ете отырып, біз өзіміздің жағдайымызды нашарлатамыз. Сыбайлас жемқорлық мәселесі сізге қатысты емес сияқты көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде олай емес. Сыбайлас жемқорлық барлығына қатысты», - деп атап өтті спикер.


Түркбенбай Нұржігітовтың айтуынша, тек дәлелденген фактілер бойынша сыбайлас жемқорлық әрекеттері бір жылдың ішінде елге 247 млрд теңгеге залал келтірген. Сондықтан, осы кезеңде біздің елімізде құқық қорғау жүйесінің қызметі өзгеруде, судьялар жүйесі реформалануда.


Сондай-ақ, кездесуде отандық денсаулық сақтауды дамыту, алыс ауылдарда отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер жабылып, нәтижесінде көптеген ауыл тұрғындары үшін медицина қолжетімсіз болған қайғылы нәтижелерге әкелген осы жүйені жаңғырту туралы сөз болды.


- «Біз Қазақстанның жалпы әлеуметтік саясатын жақсарту үшін жұмыс істеуіміз керек. Мысалы, Түркияда бір тәрбиешіге он бала, Еуропа елдерінде бір тәрбиеші 5-6 баламен жұмыс істейді. Бәріңізге белгілі, сана, тәрбие және жалпы азаматтық ұстаным, ана тілін білу ерте балалық шақта қалыптасады. Бізде бір тәрбиешіге 30-40 баладан келеді, ал нәтиже қуантарларықтай емес. Ал мемлекеттің басты құндылығы - жаңа өскелең ұрпақ, өйткені бұл елдің болашағы», - дейді Түркбенбай Нұржігітов.


Сайлауалды штаб мүшесі, «Ақ жол» демпартиясының Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Айсұлу Қондыбаева кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығы туралы айтып берді.

- «Бізге ел экономикасының жүйелі проблемаларына жаңа көзқарастар қажет. Бізде әлі де шикізатқа тәуелділік, еңбек өнімділігінің төмендігі, инновациялардың жеткіліксіз деңгейі және кірістердің біркелкі бөлінбеуі байқалады. Бұл мәселелерді шешу үшін нақты жолдар қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы айтты және олар жалпыға мәлім. Бұл макроэкономикалық тұрақтылық, экономиканы әртараптандыру, цифрландыру, шағын және орта бизнесті, адами капиталды дамыту және заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік - еліміздің экономикасын, адами капиталын және жалпы болашағын дамытудың ең дұрыс шешімдерінің бірі екенін түсіну керек», - деп атап өтті
Айсұлу Қондыбаева.


Штаб мүшелері аурухана қызметкерлерін және олардың сегіз жүзден астамын отбасы мүшелерімен бірге 20 қарашада сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауға шақырды.


Келесі үгіт-насихат кездесуі облыстық оңалту орталығының базасында мүмкіндігі шектеулі адамдармен өтті.




Кандидаттың сенім білдірілген адамдары сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.


- «Өзінің сайлауалды бағдарламасында Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттіліктері бар азаматтар, бірінші кезекте балалар мемлекеттің елеулі қолдауына ие болатынын атап өтті. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындары мен әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін мүмкіндіктер құрылатын болады. Жалпы, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасының үшінші қағидаты дамыған әлеуметтік инфрақұрылым мен адам әлеуетін іске асыру үшін кең мүмкіндіктер құруды, әділ әлеуметтік саясат жүргізуді көздейді. Қолдауды қажет ететін әрбір адам мемлекеттің жеке қамқорлығын сезінуі керек. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы осыған бағытталған», - деп атап өтті өз сөзінде штаб мүшесі, денсаулық сақтау саласының ардагері Түрікменбай Нұржігітов.


Кездесу барысында кандидаттың сайлауалды тұғырнамасында көрсетілген басқа да маңызды міндеттері де талқыланды.