18
Мамыр

Атырауда облыстық саяси Кеңестің отырысы өтті

18 мамыр 2023 жыл, «Ақ жол» партиясының Атырау облыстық филиалы 

Бүгін «Ақ жол» партиясының Атырау облыстық филиалы облыстық саяси Кеңестің кезекті отырысын өткізді. 

Кеңес отырысына партия белсенділері мен жергілікті мәслихат депутаттары, саяси кеңес мүшелері қатысты. 

Кеңес отырысын ашқан Атырау облыстық филиалының төрағасы Ермекқали Юсупов жиынға қатысушыларға күн тәртібіндегі мәселерлерді таныстырды. 


Кеңесте алғаш болып сөз алған «Ақ жол» демпартиясы атынан сайланған Жылыой аудандық мәслихат депутаты, ҚР парадзюдо федерациясының президенті Асылбек Өмірзақ федерация жұмысына тоқталып, параспортшыларға көрсетілген көмектер туралы айтты. Сондай-ақ, Олимпиада ойындарындағы, республикалық жарыстар мен Азия чемпионаттарында жеткен жетістіктеріне тоқталды.

Сонымен бірге Кеңес отырысында Атырау облыстық филиал төрағасының орынбасарын сайлады. Бұл лауазымға саяси Кеңес мүшелері бірауыздан Шин Петр Алексеевичті сайлады. 

Жиын соңында филиал төрағасы Ермекқали Юсупов «Ақ жол» ҚДП Президиумы мен ҚР Ұлттық индустриялық палатасы басқармасының атынан ел мерейін асырып, көк туды желбіретіп жүрген спортшыларды ұзақ жылғы қажырлы еңбегі және Қазақ спортының дамуына қосқан жеке үлестері үшін «Еңбегім еліме» төсбелгімен марапаттады. 


Мұна соң, сайлау науқанында әділ сайлау үшін еңбек еткен партияның бір топ белсендісіне алғыс хат табыстап, партия қатарына қабылданған мүшелерге партия билетін берді. 


Сондай-ақ, «Ақ жол» партиясының «Әр қазақ – менің жалғызым» дәстүрлі фотобайқауында «Кәсібім-нәсібім» номинациясының иегері атыраулық фотограф Мутигуллин Амангелдіге жүлдесін табыс етті.