"Ақ жол" фракциясының кешегі депсауалы әлеуметтік желіде резонанс тудырды. Мәжіліс отырысын жариялаған журналистерге бек ризамыз.
Дегенмен, пікірталастың дені мобильді төлемді бақылауды қайта қарау жөніндегі бір сөйлем аясында ғана өрбіген екен. Экономиканы либерализациялау бойынша одан да ауқымды бірқатар мәселені көтерген едік.
Мысалы, "Ақ жол" Демпартиясының ұсынысы:
1) Салық саясатын ырықтандыру аясында сараланған салық мөлшерлемесін енгізіп, бөлшек сауда салығын 2% дейін төмендетуден бөлек, шағын және орта бизнес есебі мен тексерісіне байланысы жоқ патенттік режимді қолдануды кеңейту.
2)Ақша-несие саласында - Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесін (несие бойынша пайызы да соған байланысты) барынша төмендетіп, банк нарығын монополиясыздандыру. Бүгін алты ірі банк барлық екінші деңгейлі банктер активтерінің 67% бақылауда ұстайды. Бұл дұрыс емес. Бәсекені қамтамасыз ету және несиелеудің икемді шартын ынталандыру үшін ірі банктерді бөлшектеуді қарастыру керек.
3) «Ақ жол» демпартиясы утильалым әдістемесі, тауар таңбалау, медсақтандыру қорына төлемдер, БЖЗҚ және т.б. тиімсіз пайдаланылып, қоғамнан жасырылған 90-ға жуық міндетті төлемді қайта қарау қажет деп санайды.
4) Жекешелендіру әдісін таңдауға келсек, тек белгілі бір
топтың ғана мол қаржы мүмкіндігі бар екенін ескеру қажет. Оларда капиталдың
пайда болуы кей арада сұрақ тудырады, ал тікелей сату әдісі бай мен кедей
арасындағы әлеуметтік алшақтықты одан сайын ұлғайтады. Бұрынғы жүйенің басты
кемшілігі де осы.
Елге қоғамның жіктелуі емес, ұлттық табысты қайта дұрыс бөлу нәтижесінде пайда болуы мүмкін орта таптың артқандығы керек.
Осыған байланысты «Ақ жол» Демпартиясы мемлекеттік кәсіпорындардың құнында қоғам мен шағын және орта бизнес серіктестерінің еңбек үлесі ескерілетін Чили мен Ұлыбританиядағы сәтті жекешелендіру бағдарламасының үлгісінде «халық капитализмі» тұжырымдамасы туралы ұсынысты жылдар бойы алға тартып келеді. (https://akzhol.kz/ru/blog/haly-kapitalizmi-a-zhol-partijas-2).
5) Сондай-ақ, жекешелендіру аясында банктер іске аспай
қалған бизнестен кепіл ретінде алған активтерді (жылжымайтын мүлік, жабдықтар,
активтер) экономика айналымына қайтаруды қарастыруды ұсындық.
Бұл процедураларды созу өздігінен экономикаға зиян тигізеді. Өйткені тартып алынған құрал-жабдық пен активтер табыс әкелуі керек.
«Ақ жол» фракциясы мұндай активтерді бизнеске беру
механизмін әзірлеуді, яғни бағаны төмендетуге шектеу қоймастан, сенімгерлік
басқару үлгісін қолдана отырып кейіннен сатып алуды ұсынады.
Мемлекет банктерге көп көмектескесін кепілге алынған мүлікті экономикаға қайтарғаннан олар ештеңе жоғалтпайды.
6) Ырықтандыру сонымен қатар ресурстарға (жер, коммуникация, жеңілдіктер) қол жеткізудің ашықтығын, сыбайлас жемқорлықты және бизнесті қудалау себебін жоюды білдіреді деп санаймыз.
Мемлекеттің де, жеке меншіктің де мүддесі бірдей қорғалмайынша, экономиканы ырықтандыру мүмкін емес. Өкініштісі, осы уақытқа дейін кәсіпкерлердің құқығы көбіне еленбей келді.
7) Шенеуніктердің бақылау және реттеу функциясын қысқартпайынша, ырықтандыру толығымен жүзеге аспайды. Осыған байланысты, «Ақ жол» функциясын ғана емес, бизнесті бақылайтын не жеңілдік бөлетін шенеуніктердің өзін де қысқарту керек деп есептейді. Себебі, олар бұрынғыдан да сорақы жаңа өкілеттікті ойлап табады.
Біз экономиканы либерализациялау жөніндегі осы және басқа да шара бойынша үкіметпен бірлесе жұмыс істеуге дайын екендігімізді білдірдік (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/a-zhol-dempartiias-konomikan-rtandru-badarlamasna-z-snstarn-zhariialad).
Мобильді аударымды бақылауға келетін болсақ -
"Ақжол" демпартиясы бірқатар нақты ұсыныс әзірледі: айына 1 млн
теңгеден астам жалпы айналым - соның бірі. Біз келесі уәжге сүйендік:
1) салық төлеу әрбір кәсіпкердің міндеті. Сондықтан бюджетке төлемді белгілеу шарасы қалай болғанда да қажет.
2) бұл кәсіпкерлік бастамаларды басып-жаншымайтын, қарапайым әрі әділ шара болуы керек. Керісінше, дұрыс салық бизнесті ынталандыра алады.
Мобильді төлем жөніндегі ұсыныс туралы келесіде
егжей-тегжейлі жазамын.