23
Тамыз

Азат Перуашев Алматы облысындағы «Лукойл Лубрикантс Централ Азия» зауытына барды

https://t.me/peruash/13855

Жұма күні «Ақ жол» демпартиясы филиалының төрағасы Мираш Шынасыловамен бірге Алматы облысы Іле ауданындағы «Лукойл Лубрикантс Централ Азия» зауытында кәсіпорын басшылығының өтініші бойынша болып қайтты.

Зауыт 2019 жылы арнайы инвестициялық келісімшарт бойынша іске қосылып, автокөлік, өнеркәсіп, тау-кен техникасы мен басқа да жабдықтарға арналған жағармайдың 800-ден астам түрін шығарады. Бұл өндірушінің Қазақстан нарығындағы үлесі 25 пайыздан асады.

Технологиялық процесспен таныстық, жоғары технологиялық жабдықталуы мен жұмысты 100% автоматтандырылғанын атап өту қажет.

Компания басшыларымен кәсіпорын тап болып жатқан мәселелерді талқыладық.

Атап айтқанда, жер мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органдармен келіспеушіліктер орын алып, сонымен қатар, кәсіпорынның өзі салған т/ж жолдарына қатысты ҚТЖ-дан шағымдар туындады (ҚТЖ табанды түрде оларды өз меншігіне және тегін беруді «сұрап» отыр).

Бұл мұндай бірінші жағдай емес, біз ҚТЖ мемлекеттік әкімшілік ресурстарды пайдаланып, ЦТС-тың келеңсіз тәжірибесін қайталай отырып, жеке кәсіпорындардың мүлкін тартып алатын ұқсас жағдайларға бұған дейін де назар аудардық (соның ішінде депутаттық сауалдар).

Ұзақ жылдарға созылған талас-тартыстан кейін және тек қана Президент Қ.Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен ғана ЦТС-тің сол бассыздығы тоқтатылды. Бірақ көріп отырғанымыздай, квазимемлекеттік шенеуніктердің тәбеті азаяр жоқ. Ауру қалса да, әдет қалмайды.

«Lukoil Lubricants» бас директорының орынбасары Гүлмира Нұртаева мен оның әріптестері өндірістің толық пайдаланылмау себептерімен бөлісті (қуаты 100 мың тонна/жылына бола тұра, бар болғаны 35 мың тонна ғана өндіріледі).

Зауыт Қытай және Орталық Азия нарығын ескере отырып, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының маңында мақсатты түрде салынса да, негізгі тежеу факторларының бірі экспорттық баж салығымен экспортты шектеу болып табылады.

Компания өнімдердің сыртқы нарыққа еркін шығуы үшін экспорттық баж салығын алып тастау мүмкіндігін қарастыруды сұрайды.

Ішкі нарыққа келетін болсақ, негізгі бәсекелес (Шымкентте осыған ұқсас өнімдерді шығаратын) мемлекет тарапынан күшті қолдау алып отыр: утилизация төлемінен босатылу, сондай-ақ ұлттық компаниялардың сатып алуындағы артықшылықтар.

Сонымен қатар, «Лукойл Лубрикантс Централ Азия» зауытының өнімдері де дәл сондай қазақстандық бола тұра, утилизация төлемдерін төлеп, нарыққа шығу кезінде кедергілерге тап болады. Компания нарықта әділ бәсекелестікті қамтамасыз етуді сұрайды: не оларды да утильалымнан босату, немесе бұл төлемді бәсекелестерден де бірдей шарттарда ұстау.

Соған қарамастан, зауыт өнімдері жоғары сапасының арқасында "Қазақмыс", "Qarmet" сияқты ірі өнеркәсіптік корпорациялар тарапынан да, бөлшек сауда дилерлері тарапынан да тұрақты сұранысқа ие.

Басқа да бірқатар тақырыптарды, соның ішінде, жаңа Салық кодексін талқылады, олардың пікірінше, ҚҚС бойынша аванстық төлемдерді енгізу үнемі қаржылық алшақтықты туғызады және т.б.

Көтерілген барлық мәселелер бойынша Парламент Мәжілісіндегі «Ақ жол» фракциясына ресми үндеу дайындауды сұрады. Осы мәселелер бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істейтін боламыз.