10
Маусым

Азат Перуашев Қарағанды облысындағы Осакаров ауданында кәсіпкерлермен кездесті

Осакаров ауданында «Ақ жол» ҚДП Қарағанды ​​облыстық филиалы мен Қазақстан кәсіпкерлері мен сервистік қызмет қауымдастығы (Ермек Әбілдин) ұйымдастырған кәсіпкерлер форумына қатыстым. Форум барысында Қарағанды, Теміртау, Сәтбаев, Приозерск және Осакаровканың өзінен келген кәсіпкерлер әрі партиямыздың мүшелері жерлестеріне шағын бизнестен бастап, жеке кәсіп ашудағы жеке тәжірибелері туралы айтып берді.


«Ақ жол» ҚДП облыстық мәслихатының депутаты, Кәсіпкер әйелдер кеңесінің төрағасы Марина Шиллер бизнесті бастаудың методикасын таныстырды, онда әлеуетті клиентті анықтаудан бастап – бизнес үдерісін, кадрларды құру, персоналды басқару, бухгалтерлік есеп және одан әрі өсу мотивациясына дейінгі барлық қадамдар қамтылған.

Аудан әкімі, облыстық жастар кәсіпкерлігі басқармасы және банк өкілдіктері ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен ШОБ субъектілерін қаржылық қолдау және жеңілдетілген несиелендіру бағдарламаларын таныстырды. ШОБ субъектілерінің құқықтарын қорғау қауымдастығының заңгері салық және басқа да қадағалау органдарынан талап-арыздар түскен жағдайда іс-қимыл тәртібін түсіндірді.

Әріптестер форум қонақтарының сұрақтарына жауап берді. Аудан тұрғындарымен де тілдесудің сәті түсті. Жергілікті кәсіпкерлердің мәселесі негізінен ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауға, жайылымдық жерлердің жетіспеушілігіне, бидай мен ет сатып алу бағасының төмендігіне байланысты. Тері мен жүн дайындау пункттерінің жоқтығына шағымданды.

Әңгіме барысында Конституцияның жаңа редакциясын қабылдауға байланысты күтілетін өзгерістер де сөз болды. Ең бастысы, санамыздағы, өзімізге, елімізге қатысты өзгерістер. Сана төңкерісі болмаса, ең әдемі ғимараттар мен заманауи кәсіпорындардың өзі тез тоналып, қирап, жаңа жолдар жарамсыз болып қалады.

Жаңа Қазақстан жаңа идеялар мен істерден басталады. Біздің форум сізге жаңа өмір бастауға, қабілеттеріңіз бен таланттарыңызды жүзеге асыруға көмектесу әрекеті болып табылады.