23
Ақпан

Азат Перуашев: Қазақ Шекспирінен айрылдық, ағайын

https://t.me/peruash/12807

Қазақ Шекспирінен айрылдық, ағайын

Кезінде, ең алғашқы қазақ тілде оқыған кітабым Дұлат Исабековтың «Ғауһартасы” болды.

Сөйтіп, Дулат ағаның сөзі арқылы мектепте орысша оқыған, Ресейде 7 жыл өмір сүрген мен де ана тілімізге қайтадан бет бұрдым.

Абыз жазушыны ерекше сыйлап, өзінен рұқсат сұрап, інімнің баласына да Дулат атын құрметтеп қойғанмын.

Бүгін мыңнан астам халықпен, оның ішінде Қазыбек Исамен бірге, ұлы классигіміздің жаңазасына қатысып, Дулат ағамызбен қоштастық.

Қоштасу рәсімінде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту хатын оқып, әсерлі әрі терең сөз айтты.

Ал көрнекті жазушы Төлен Әбдіков сахнадан сөз сөйлегенде, Қазыбек Иса сол Дулат Исабековтың әлемдік деңгейдегі ұлы жазушы екенін атап өтті. Ақын Қазыбек Исаны Дулат ағаның ең жақын бауырларынын бірі еді деп, жазушы мен ақын екеуінің арасындағы әзілді әдемілеп, ерекше айтып берді. Бұл сөз біздерге де абырой.

Жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз торқа болсын, Ұлы классик, Ел Ағасы!