24
Ақпан

Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» демпартиясының Республикалық штаб мүшелері көлік компанияларының өкілдерімен кездесті

24 ақпан 2023 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі 

Биылғы жылдың 23 ақпанында Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» демпартиясының республикалық штабы 60-тан астам көлік компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Демпартия лидері партияның саяси бағдарламасын таныстырып, бағдарламаның толық мәтінімен плакаттардағы QR кодты сканерлеу арқылы танысуға болатынын айтты. Жемқорлыққа қарсы күрес пен әлеуметтік әділеттілікке қатысты тармақтарға кәсіпкерлер үлкен қызығушылық танытты.

«Ақ жол» партиясы кәсіпкерлер партиясы ретінде ұзақ жылдар бойы жеке кәсіпкерлікті қолдау саясатын жүргізіп келеді. Бұл дегеніміз мемлекеттен ештеңе сұрамай, жұмыс орындарын ашып, салық төлеп отырған адамдарды қолдау. Бұл біз үшін ең маңызды мәселе. Себебі, ешкімге қарызы жоқ, өзін-өзі қалыптастырған адамдар ғана шенеуніктерге бас имей,  еркіндікті талап ете алады. Адал бәсекелестік үшін күреседі. Олар демократияның, нарықтық экономиканың кепілі. Қазақстанның болашағы дәл осы әлеуметтік топқа байланысты деп есептейміз. Еркін, демократиялық мемлекет құрғымыз келсе, еркін, табысты адамдарды қолдауымыз керек. Ал бұлар өзін-өзі жасаған адамдар», – деп бастады сөзін Азат Перуашев.

Ашық әңгіме барысында Қазақстан-Қытай шекарасындағы электронды кезектің өзекті мәселелері, атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық, кіру үшін күту уақытының ұлғаюы, тасымалдауға қатысы жоқ кәсіпорындардың электронды кезектегі орындарының резерві туралы айтылды. ҚТЖ Fast Road жобасы бойынша жүк тасымалдау кезегін қамтамасыз етудегі ашықтықтың жоқтығы, қазақстандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсат бланкілерін беру проблемалары туралы фактілер келтірілді. Шекарада тиелген көліктердің тоқтап қалуына себеп болған саяси проблемалар да назардан тыс қалмады (Польша-Беларусь шекарасының жабылуы, Литва тарапының ШРБ беруден бас тартуы).

«5 көлігім Қорғаста электронды кезекте тұрды. Менің келісімімсіз кезегім жойылды. Мұндай қадамға барған адамдардың заңсыз әрекеттеріне ешкім жауап бермейді. Олар кезекті жоюмен қатар, нөмірлерді де тартып алды. Салдарынан қарапайым халық зардап шегуде. Қазір біздің қазақстандық көліктердің бәрін алып тастады, тек Беларусь көліктері өтуде. Жолымызды бөгемекші. Мен экспортпен тұрмын,  күніне 100 доллар айыппұл жазылуда. Мен көлікті 20 күнге қойып тастай алмаймын, тек бір көлік үшін 1 миллион төлеуім керек. Менің 5 көлігім бар және әрқайсысына айыппұл жазылуда. Мойнымда кредиттер мен анасыз өсіп жатқан екі ұлым бар. Мен жалғызбасты әкемін. Оларды кім асырайды? Егер мемлекеттен жәрдемақы не әлеуметтік көмек сұрасақ: «Сап-сау адамсың, неге жұмыс істемейсің?» дейді, ал жұмыс істей бастасам, жолымызды бөгейді. Біз мемлекет тарапынан әділдікті талап етеміз. 77 көлік заңсыз тіркелген. Бұған кім жауап береді?», - деді жеке кәсіпкерлердің бірі.

Сөз алған оннан астам кәсіпкер Индустрия министрлігінің саясатын қатаң сынға алып, ШОБ-тағы отандық жүк тасымалдаушылардың құқығын ірі беларусьтік және ресейлік компаниялар пайдасына жығып бергенін айтты. Ұсыныстың бірі қазақстандық жүк көліктері мен басқа мемлекеттерден келетін жүк көліктерінің өтуіне 50/50 қатынасын орнату туралы болды. Сондай-ақ «Бақты», «Достық» және «Қорғас» бақылау-өткізу бекеттеріндегі бопсалаудың нақты мысалдары келтірілді, жалпы тәртіпті айналып өтіп, электронды кезекті жылжытудың ақысы қанша екені де айтылды: «Бұрын бәрін БН басқарады, сондықтан ештеңе істей алмайсыңдар деп айтатын. БН-ді баяғыда алып тастаған, бірақ ештеңе өзгерген жоқ». Тез бұзылатын және өсімдік өнімдерін тасымалдаушылар фитосанитарлық сертификатқа қатысты мәселелерді көтерді; экспорттық өнімдерді тасымалдаушылар кеденде апталап тоқтап тұратындықтарын және жеткізу мерзімінің бұзылатынын және т.б. мәселелер туралы айтты.  

Кәсіпорын басшыларының арасында «Ақ жол» демпартиясының мүшелері бар болып шықты, олар өз партиясына қолдау білдіріп, Азат Перуашевқа Индустрия министрлігі мен құқық қорғау органдарының басшылығымен ағымдағы жағдайды талқылауды үшін тікелей кездесу ұйымдастыруды сұрады. Олардың кейбіреулері осы сайлауға үміткер ретінде қатысуда, мысалы, Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына ұсынылған Оксана Сорокина.

Сондай-ақ, залда көлік тасымалдаушыларының құқықтарын қорғайтын адвокаттар тобы отырды. Олар кезекті реттеуде және жалпы салада жемқорлықтың бар екенін жеткізді.

А.Перуашев парламентте «Ақ жол» фракциясы құрылғаннан кейін халықаралық көлік тасымалы мәселесі  үкімет және аталған министрлікпен талқыланатын алғашқы тақырып болатынына уәде берді.

Шағын және орта көлік компанияларының үлкен тобы «Ақ жол» партиясына кіретіндіктерін жариялады.