Берік Дүйсембинов, Серік Ерубаевпен және «Ақ жол»
демпартиясы СҚО филиалының басшылығы Дмитрий Подковыровпен және Евгений
Кинцельмен бірге түнде тасқын су деңгейі күрт көтерілген Қызылжар ауданының
орталығы Бескөл ауылында болдық.
Партиямыздан сайланған СҚО мәслихатының депутаты Шынар
Бiләлова жетекшiлiк ететін жергiлiктi ерiктiлермен және ауданның қоғамдық
кеңесі мүшелерiмен кездестiк.
Қазіргі су тасқыны жағдайын, елді мекенді қорғау бойынша
мемлекеттік органдар мен еріктілердің іс-әрекетін талқыладық.
Петропавлда атқарылған жұмысқа, Президент Қасым-Жомарт
Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүріп жатқан шараларға; Заречный ауылынан көшірілген тұрғындармен
және облыс әкімімен талқыланған мәселелерге қысқаша тоқталып, жиналғандардың
сұрағына жауап бердім.
Мұнда Атбасар қаласындағы жергілікті еріктілерге көмек
көрсеткеннен кейін «Ақ жол» демпартиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы
Саят Сыздықов та келіп, бөгет салуға
арналған 6 мың пропилен қап әкелді.
Бұған қоса, СҚО Төтенше жағдайлар департаментімен келісе
отырып, ТЖД қоғамдық қорына 4 метрлік үлкен резеңке қайықтар мен құтқарушыларға
арналған костюмдерді табыс еттік. Бұған
дейін Атырау мен Оралға да осындай 10 қайық пен комбинезондарды жөнелткен едік.
Қазіргі уақытта Бескөл ауылының еріктілері мен тұрғындарының күшімен салынып жатқан бөгетке барып, бақылап жатқан Ұлттық гвардия институтының курсанттарымен әңгімелестік. Олар су деңгейі одан әрі көтеріліп жатыр дейді (https://vm.tiktok.com/ZMMxEPaQs/).
Осы сәтті пайдаланып, Қызылжар ауданы мен Ғабит Мүсірепов
ауданындағы ауылшаруашылық тауарларын өндірушілермен сұхбаттастым ("СК
Париж" ЖШС, «АК НАН СЕВЕР» ЖШС, «Новоишимская зерновая компания» ЖШС,
«Кредитное товарищество «Есиль» ЖШС және тб.). Астық және мал шаруашылығы
сегменттеріндегі шаруа қожалықтарының проблемаларын, қалыптасып келе жатқан
нарық конъюнктурасын және ресейлік өндірушілер тарапынан артып келе жатқан
бәсеке мәселелерін талқыладық.
Диқандар қытайлық астық экспортының тоқтап қалғаны мен
қосымша нарық іздеу туралы айтты. Бизнесті әртараптандыру, атап айтқанда,
суармалы егіншілікті дамыту және жеке аумақта су қоймаларын құру жоспарын
айтты. Өз кезегінде бұл рұқсат беру рәсімін жеңілдетуді талап етеді.
Су тасқынынан кейін осындай ұсыныстарды топтастырып, «Ақ
жол» демпартиясы тарапынан мүмкін болатын көмекті жан-жақты талқылауға
келістік.
P.S.: Жаңа ғана кеше біз барған қала маңындағы Тепличное
ауылындағы бөгеттің бұзылғаны белгілі болды. Оның осалдығына Төтенше жағдайлар
департаменті штабында өткен жиында назар аударған едік (мұндай бөгеттердің стандарттарының
жоқтығы туралы айттық). Өкінішке қарай, су деңгейі тез көтеріліп жатыр.
(https://vm.tiktok.com/ZMMxcjKLb/)
Петропавл, Атырау, Орал, Ақтөбе, Қостанай - мықты
болыңыздар, сендермен ортақпыз!