Бүгін маслихат
депутаттары форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маңызды бағалау
мен мәлімдеме жасады.
Соның ішінде, ең
өзектісі— жергілікті маслихат депутаттарын оқыту, олардың өңірлердегі
экономикалық саясатқа ықпалын кеңейту туралы тапсырмалары.
«Ақ жол» Демпартиясы
депутаттарының тәжірибесі негізінде жергілікті жерлердегі атқарушы органдар
әртүрлі амалдармен маслихаттардың бюджеттің бөлінуіне, әсіресе, оның игерілуін
бақылауға "кірісуін" азайтқысы келетінін көріп отырмыз. Бір жерде
құжатпен танысу уақытын қысқартып, аз мерзім берсе, енді бір жерде талқылаудың
өзін қысқартып жатады және тб.
Алайда, бюджет -
жергілікті жерлердегі мемлекеттік саясаттың мүмкіндіктері мен бағыттарын
айқындайтын сыртқы құжат, себебі, нарықтық экономика жағдайында ешбір мәселе
тиісті қаржыландырусыз шешілуі мүмкін емес.
Ал, депутаттардың
бюджеттің қаралуына ықпал ете алмауы сайлаушылардың міндеттемелерін орындауға
шынайы тетіктердің болмауын білдіреді. Осы арқылы, биліктің өкілді тармағының
рөлі қысқарады, мемлекеттік саясаттың тиімділігі төмендейді, әсіресе «Естіуші
мемлекет» қағидаттарын ескерсек.
«Ақ жол» Демократиялық
партиясы жыл сайын партиямыздың барлық деңгейдегі депутаттарының форумдарын
өткізіп келеді. Келесі мұндай форум биыл 26 қазанда Шымкентте өтеді. «Ақ жол»
демпартиясының саяси бағдарламасына сәйкес, әріптестерді жергілікті бюджет
жобасын, оның кіріс және шығыс бөліктерін талдауға, проблемалық мәселелерді
анықтауға, өндірістік экономика мен бизнесті қолдау бойынша ұсыныстар мен
депутаттық сауалдар әзірлеуге үйрету үшін біз бұл алаңға дәстүрлі түрде
тәжірибелі депутаттарды шақырамыз.
Президент Қ.Тоқаевтың
конституциялық реформасы мен «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп
беретін үкімет» қағидаты аясында «Ақ жол» фракциясы биыл 3 сәуірде бюджет
қаражатын пайдалануды қоса алғанда мәслихаттар мен жергiлiктi әкiмдiктер
өкiлеттiгiнiң теңгерiмiн талап етіп депутаттық сауал жолдады
(https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/mslihat-deputattard-rl-kshejtlu-tis).
Салық кодексі аясында
2023 жылдың сәуір айынан бастап және Мәжілістің кешегі пленарлық отырысында «Ақ
жол» демпартиясының Парламенттегі және мәслихаттардағы депутаттары шағын және
орта бизнес үшін бөлшек сауда салығын төмендету туралы 30-дан астам депутаттық
сауал жолдады. Бұл өз кезегінде жергілікті мәслихаттардың өкілеттігіне жатады
(https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/a-zhol-blshek-saln-keles-zhl-da-2a-dejn-tmendetu-kerek ), және тб.
Сондықтан да Мемлекет
басшысының мәслихат депутаттарын даярлау, олардың өңірлердегі экономикалық
саясаттағы ықпалын кеңейту, мәслихаттарды жаңа буынның мемлекеттік
саясаткерлерінің «кадр ұстаханасына» айналдыру жөніндегі бүгінгі бастамалары,
әрине, біз үшін өте маңызды және жергілікті өкілді органдардың болашақтағы рөлі
мен республиканың саяси жүйесіндегі лайықты орнына қатысты оптимизм сыйлайды.
Қасым-Жомарт Кемелұлының
осыған ұқсас мәселелер бойынша Мәжілістің Үкіметпен бірлесіп атқарған
жұмыстарын мысалға келтіруі кездейсоқ емес, ал, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов
аудандық, қалалық және облыстық депутаттарды сайлаушылармен және бизнеспен
тікелей жұмыс жасаудың практикалық тәжірибесіне сүйене отырып заң жобаларын
талқылауға қатысуға шақырды.
Мәжілістегі «Ақ жол» фракциясы Президент тапсырмаларын орындау мақсатында, өз тарапынан мәслихат депутаттарының рөлін күшейту жөнінде тиісті заңдарға (мысалы, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға) ұсыныстар енгізуге дайын.
Қасым-Жомарт Кемелұлының
«Ақ жол» демпартиясының су тасқыны кезіндегі жұмысына берген жоғары бағасын
айта кеткеніміз жөн болар (https://t.me/aqorda_resmi/20064), сол қиын қыстау
кезеңде біздің кәсіпкерлер мен депутаттар зардап шеккендерге екі жүзден астам
техника мен басқа да гуманитарлық көмектер жіберіп, тұрғындарды эвакуациялауға,
бөгеттерді салуға және су тасқынының зардаптарын жоюға тікелей қатысты.
Президенттің біздің
аз-кем үлесімізге осындай баға беруі оның уақыт ағынымен қатар жүріп, әр жанның
еңбегін әділетті бағалайтындығын көрсетеді.