ҚР Премьер-министрі
О.А.Бектеновке
Облыс, қала және аудан маслихаттары мен әкімдеріне
Былтыр Салық
кодексі шағын және орта бизнес үшін бөлшек салық ұғымын енгізіп, жергілікті
маслихаттарға оны 4 проценттен 2%-ке дейін төмендету мүмкіндігін берді.
"Ақ
жол" Демпартиясы сол жылдың сәуірінен бастап, Мәжіліс пен маслихаттардағы
фракцияларымыздың бұл мүмкіндікті пайдаланып, өз аймақтарында бөлшек салықты
2%-ке дейін төмендету туралы ұсыныспен 30-дан астам сауал жолдады.
Біздің жарты
жылдық күресіміздің нәтижесінде, Алматы қаласынан басқа, барлық дерлік
аймақтарда аталмыш салық мөлшерлемесі төмендетілген еді. Сол шешімді қолдағаны
үшін барлық деңгейдегі маслихат депуттарына алғыс білдіреміз.
Сонымен қатар,
қолданыстағы Салық кодексіне сай, бөлшек салықты төмендету туралы шешім тек бір
жыл ғана жарамды.
Ал, әрбір келесі
жыл үшін жергілікті өкілді органдар алдынғы 1 желтоқсанға дейін жаңа шешім
шығаруға тиіс.
Яғни, аталмыш
салықтың қайтадан 4%-ке дейін өсуінің алдын алып, аймақтарда шағын және орта
бизнес жұмысына тиімді жағдайды сақтап қалу үшін екі ай уақыт қалды.
Осыған орай, "Ақ жол" Демпартиясы Үкімет, әкімдер мен жергілікті маслихаттарға, келесі 2025 жылға да бөлшек сауда салығының мөлшерлемесін 2%-ке төмендету мақсатымен, биылғы жылдың 1 желтоқсанына дейін барлық аймақтарда тиісті шешім қабылдауды тағы да ұсынып отырмыз.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының
депутаттары
А.Перуашев
Д.Еспаева
Қ.Иса
Е.Барлыбаев
С.Ерубаев
Е.Бейсенбаев