29
Мамыр

Азат Перуашев Бәсекелестік туралы заңға енгізілетін түпкілікті түзетулер бойынша кеңес өткізді

https://t.me/peruash/16140

Бәсекелестік туралы заң жобасына арналған жұмыс жиынын өткіздім. Мәжіліске Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаментінің директоры Роман Пасечко, Бизнес-омбудсменнің көмекшісі Елена Бычкова, сондай-ақ Қазақстан автомобиль одағының, Құрылысшылар қауымдастығының, Қаржыгерлер қауымдастығының, Цифрлық экономика қауымдастығының, Сауда кәсіпорындары қауымдастығының және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.

Заң жобасы бойынша жүйелі жұмыс былтыр жыл бойы жүргізілді. Мәжілістің жас та болса білікті депутаты Анас Баққожаев жетекшілік еткен жұмыс тобы бірқатар қызу талқылаулар өткізді. Ал жуырда Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында комитет төрағасы Нұртай Сабильянов пен әріптестеріміз заң жобасындағы даулы мәселелерді шешу бойынша әзірленген жолдарды  қолдап, негізгі түйткілдердің шешімін айқындады.

Қазіргі таңда заң жобасы қабылдану кезеңіне таяп қалды. Осыған байланысты бүгін экономикалық шоғырлану, монополиялық табысты айқындау тәртібі және қандай да бір топтың мүддесін қорғау секілді баптар бойынша соңғы ұстанымдарды нақтылап шықтық.

Әріптестерге жұмыс күні аяқталғанға дейін соңғы ұсыныстар мен нақтылауларды енгізуді тапсырдым. Мақсат – атқарылған ауқымды жұмыстың нәтижесін тиімді пайдаланып, заң жобасының осы шақырылым аясында қабылдануына қол жеткізу.