Азат Перуашев: Әдістемелік сипаттағы тұрақты қателер экономикалық процестерді және бюджеттік шығыстардың негізділігін барабар бағалауға мүмкіндік бермейді
2013 жылғы 23 қазандағы Мәжілістің пленарлық отырысындағы А. Перуашевтің сөйлеген сөзі
Құрметті әріптестер!
Осы заң жобасын қарай отырып, «Ақ жол» фракциясының депутаттары нақты экономикалық өсуді және жасалып жатқан бюджеттік шығыстардың негізділігін барабар бағалауға мүмкіндік бермейтін, бірқатар қалыпты түрде сақталып келе жатқан әдістемелік сипаттағы қателерге назар аударады.
Дефляторды қолдану
Мәселен, Негізгі көрсеткіштердің болжамы туралы жобасына берілген түсініктеме хатында жалпы қосылған құнының (ЖҚҚ) номиналды бағамының өсуі ауылшаруашылығы бойынша (2014 ж. -103,9%; 2015 ж.-104,2%; 2016 ж. -104,2% ), өнеркәсіпте (2014 ж. -102,7%; 2015 ж. -106,0%; 2016 ж. -104,4%), құрылыста (2014 ж. -101,8%; 2015 ж. -103,6%; 2016 ж. -103,3%) және т.б., мөлшері осы салаларда күтілген өсу көрсеткіштерінен асып түсетін (2014 ж. – 105,88%; 2015 ж. – 107,48%; 2016 ж. – 107,08% ) дефляторды есепке алмай көрсетіледі. Мүмкін, дәл сондықтан да дефляторды қолдану көрсеткіштердің өсуін емес, төмендеуін анықтайтын еді.
ІЖӨ және ЖҚҚ-ды орынсыз пайдалану
Бюджеттің кіріс бөлігінде, оның 371 млрд. теңгеге өсуінің негізі ретінде ІЖӨ-нің 2014 ж. 12,1 %-ға (дефляторды есептегенде 5,8%) күтілетін номиналды өсуі көрсетілген.
Елімізде экономикалық белсенділіктің алдыңғы қатарлы көрсеткіштерінің бірі - ІЖӨ екені сөзсіз және біздің жетістіктерімізді көрсету үшін де жиі қолданылады. Алайда, ол халықтың өмірінің және әл-ауқатының деңгейінің сапасы туралы шынайы көріністерді бермейді, себебі онда оған кәсіпорынның қатыстылығына қарамастан, еліміздегі өндірілген өнімдердің барлығының құны қосылады. Бірақ шетелдік компаниялардың тапқан табыстарының негізгі бөлігі Қазақстаннан тыс жерде қайта бөлінетіні, біздің еліміздің экономикалық айналымына қатыспайтыны және қатардағы азаматтардың өмір сүру деңгейіне елеулі әсер етпейтіні анық қой.
Осы ұстаныммен, Жалпы ұлттық табыс (ЖҰТ) қоғамның экономикалық өмірін және оның әл-ауқатын сипаттайтын негізгі көрсеткіші болып саналады. Жалпы ұлттық табыстың ІЖӨ-нен айырмашылығы - бұл ұлттық кәсіпорынның тұрған жеріне қатыссыз ұлттық экономиканың бағасы. ІЖӨ-нен ЖҰТ осы елдің ресурстарын шет елдерде пайдаланылғаннан табыс сомасымен ерекшеленеді (шетелде салынған капиталдан елге аударылған кіріс, ондағы бар меншіктер, шетелде жұмыс істейтін азаматтардың жалақыларын, шетелдіктердің елден алып кеткен табыстарын алып тастағандағы).
Осылайша, ЖІӨ-нің өсуі бюджеттік шығыстардың көбеюіне негіз болып қызмет ете алмайды, себебі біздің елімізде оның едәуір бөлігі Қазақстаннан тасып шығарылатын шетелдік кәсіпорындардың табысын құрайды және экономикалық ахуалға ұлттық бизнес сияқты тікелей әсері болмайды.
Онымен қоса, жалпы ұлттық табысты қосымша құн әдісімен сараптау, жекелеген салалардың жалпы өнімді құруға қатысу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Иә, бізге осындай есептерді жүргізуіміз қажет, өйткені өткен жылы бюджетте ІЖӨ, ЖҰТ, сондай-ақ жалпы табыстың құрылымында өңдеуші салалардың үлесі бөліп көрсетілмеген.
Капиталды тасып шығару
Экономиканын, әлеуметтік теңсіздіктің беталысын барабар бағалаудың қажеттілігіне байланысты, капиталдың шетелге кету бағамын, оны инвестиция немесе өнімсіз тұтыну түрінде келешекте пайдалану сипатын, ескере отырып, сонымен бірге Қазақстанда осы ақшалай қаражаттар бойынша салық міндеттемелерін орындау деңгейін ескере отырып қадағалаудың маңызы зор, бұл туралы «Ақ жол» депутаттық фракциясы әрдайым мәселе қойып келеді.
Бұл мәліметтер үкіметтің әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі жоспарларының құрамдас бөлігі болуы тиіс.
Анықтама үшін: капиталды әкелу 2013 жылы 7,7 млрд. АҚШ долларын, ал сыртқа шығару 4 млрд. АҚШ долларын құрады. Оның үстіне сыртқа шығару банктік бөлімдермен, ал елге алып келу басқа секторлардың есебінен іске асырылады.
Сыртқы қарыз туралы
Жалпы сыртқы қарыз туралы «Ақ жол» фракциясының сауалына шілде айында ҚР Премьер-Министрінен жауап келген, онда мемлекетпен кепілдендірілген мемлекеттік және квазимемлекеттік қарыздар бойынша басқару процесін жетілдіру жұмысының басталғаны айтылған болатын. Онда сондай-ақ, ҚР бюджеттік саясатының Тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қарызды және квазимемлекеттік сектордың қарыздарын қауіпсіз деңгейде ұстап тұру және бірінші кезеңде (2014-2017ж.ж.) мемлекеттік қарызы және квазимемлекеттік сектордың қарыздары үшін мониторингтік жүйені енгізу және бақылау жоспарлануда деп көрсетілген. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттің жетіспеушілігі 2020 жылға ІЖӨ-ге 1,4 %-ға дейін төмендетілетін болады, мемлекеттік қарыз ІЖӨ-ге 13,9 %-дан, ал мемлекеттік қарыз және квазимемлекеттік сектордың қарызы ІЖӨ-ге 22 %-дан аспайды делінген.
Алайда, «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасында жалпы сыртқы қарызды басқарудың барлығын растайтын параметрлер бұрынғысынша көрсетілмеген. Жеке банктік емес салалардың сыртқы қарыздарының тәуекелділік деңгейіне баға беру үшін шикізат және шикізаттық емес секторларға тікелей инвестицияларының үлесін жіктеу керек. Себебі, Үкіметпен баяндалғандай мұндай қарыздың құрылымында заемшының шаруашылық қызметін басқаруға несие беруші инвестор тікелей қатысатын фирмааралық қарыз басым болып тұр, осындай схеманың шеңберінде елден капиталды сыртқа шығару мүмкіндігінің алдын алу өте маңызды.
Бюджеттік процестердің тиімділігін арттыру туралы
Өкінішке орай, Үкіметтің 2012 жылға арналған есебін талқылау барысында өзекті болған бюджеттік процестердің тиімділігін арттыру мәселесі шешілмей қалды және ұсынылып отырған 2014-2017 жылдарға арналған бюджеттік жобада көрініс таппады.
Себебі, ұсынылған ақпаратта мұнай емес сектордың есебінен алынған ІЖӨ-нің үлесі бөлінбей қалған, бұл қаржыландырылатын мемлекеттік бағдарламалардың нәтижелерін нақты бағалауға мүмкіндік бермейді. Дегенмен, мұндай тәжірибе енді ТМД елдерінің аумағында Әзербайжанда бар.
Сондай-ақ, «Ақ жол» фракциясының депутаттары қолданыстағы ведомстволық жоспарлау жүйесінде тұжырымдамалық өзгерістер болған жоқ деп айтуға мәжбүр. Бағдарламаларды орындауда міндеттері, шаралары және мақсатты индикаторлары әдеттегідей өзара әлсіз байланысқан, ал кей кездерде формалды жасалған.
ҚР ЕжХӘҚМ стратегиялық жоспары
Мәселен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының жобасында Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының жобасы көрсетілген.
Оның шеңберінде «...кәсіпкерлікті ынталандыру және экономикалық белсенділікті арттыру, жеке істі ұйымдастыру немесе кеңейту, ауылдық елді мекендерді кешенді дамыту арқылы жүзеге асырылады деп» қарастырылған.
Сонда бұл бағдарламаның шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу қандай жолмен іске аспақ? 2 млн. теңгеден (12 мың – 2014 ж., 13 мың – 2015 ж., 15 мың – 2016 ж.)несие беру жолымен бе? Егер де жыл сайынғы бөлінетін қаражатты болжанған несиенің орташа мөлшерімен есептесе, онда олардың саны 2014 жылға 9, 11 және 12 мың, 15 және 16 сәйкесінше жылдарға болады.
Бұл қаншалықты тиімді? Министрлік 2014 жылға 77,7 млрд. мөлшеріндегі шығыстың көлемінде 81 мың адамының біліктілігін көтеруді, ауылдағы 12,3 мың кәсіпкерге жәрдем көрсетуді, 9 мың адамның жинақылығын көтеруді, 1,7 мың адамды көшіруді, жұмыспен қамту орталықтарында, азаматтық қызметшілерді, 2 мыңға жуық адамды жұмыспен қамту болжамдалып отыр.
Біз айтып кеткендей, 1-2 млн. теңгелік несие – бұл бизнес емес, ал кәдімгі шаруашылық. Еңбек министрлігінің «біліктілігін көтеру» курстарынан өткен 81 мың адамның қаншасы жұмыс табады, бұл жеке мәселе? Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мәліметтері бойынша бұл көрсеткіш 58 %-дан аспайды.
Бірақ, жұмысқа орналастыру 100 % болғанның өзінде, осы бағдарламамен қамтылған барлық адамдар ауыл шаруашылығында бұрын жұмыспен қамтылған тұрғындардың бар жоғы 5 % құрайды (2013 жылдың екінші тоқсанында а/ш, балық, аң шаруашылығында 2,083 млн. адам жұмыс істейді). Тіпті ауылдық жерлерде жұмысқа қабілетті тұрғындардың саны тез өсіп келеді. Осындай шараларды қаржыландырудың қандай мағынасы бар?
Одан басқа, «Ақ жол» партиясының депутаттары жұмыспен қамтудың нақты көрінісін алу үшін, үкіметтің бюджетті орындау жөніндегі есеп-қисабында жаңа жұмыс орындарын құру туралы мәліметтермен қатар, жабылған жұмыс орындары туралы мәліметтерді де көрсетуі тиіс деп есептейді. Құрылған және жабылған жұмыс орындарының теңгерімін нақты түсінбей, тек жаңа жұмыс орындары жөніндегі біржақты есеп-қисаптар жетістіктердің елесін көрсетеді және экономикалық дамудың кешенінде бар проблемаларды жете бағаламауға әкеледі.
Осындай ашық тиімсіз бағдарламаларды көптеген басқа министрліктер мен ведомстволардың әкімшіліктері бойынша да атауға болады.
Дегенмен, зерттелген мысалдарды жоққа шығаруға болмайды.
ҚР АШМ стратегиялық жоспары
Осы мағынада, Ауылшаруашылығы министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының жобасының айырмашылығы бар, онда проблемалар жоспарланған шаралармен және мақсатты индикаторларымен айқын үйлесімін тапқан. Мысалы, егін шаруашылығындағы агротехнологияларды ендірудің деңгейінің төмендігі, негізгі астық өнімдерінің шығымдылық деңгейінің төмендігі және тұқымдық материалдардың сапасының нашарлығы, егістік жұмыстарын жүргізуге қаржылай қаражаттың жетіспеушілігі, өтімді кепілдердің жоқтығы, несиелік қарыздардың жоғарылығы сияқты мәселелердің бар екендігін көрсете отырып – Жоспар сақтандыру төлемдерін субсидиялауды, сорттарды сынақтан өткізуді, егіндік жерлерді агрохимиялық зерттеуді және топырақтың құрамын анықтау бойынша ғылыми әдістемелік қызмет көрсетуді, несилер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін өндіруді, лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау қарастырады. Мақсатты индикаторлар ретінде – ауыл шаруашылығының жалпы қосымша құн салығы, еңбек өнімділігі, экспорттың жалпы көлеміндегі АӨК-тің экспорттық үлесінің шамасы, өңдеу үлесі көрсетіледі. Алайда, мұндай тәсілдеме басқаларға қарағанда ерекше көрінгенімен ережеге айналған жоқ.
Айта кету қажет, Дариға Нұрсұлтанқызы айтып өткендей, осы бюджеттің жобасын өткізген кезде депутаттармен оны ұзағырақ талқылаудың жаңа тәжірибесі пайда болды, бұл салынған сандарды ғана талқылап қоймай, сонымен бірге жоғарыда көрсетілген әдістемелік кемшіліктерге көңіл аударуға мүмкіндік берді.
Бюджетпен жемісті және тиімдірек жұмыс істеу үшін «Ақ жол» ҚДП фракциясы үкіметке осындай дағдыны қағида етіп алуды ұсынады.