Сондай-ақ, бүгін құқық қорғау органдары қызметкерлерін тамақтанумен қамтамасыз ететін бір топ кәсіпкерді қабылдадым.
Олардың дерегінше, Қаржы министрлігі келісім-шарттар аясында азық-түлік жиынтығының орташа статистикалық құнын негізге алып, азық-түлік құнынан бөлек, тамақтануды ұйымдастыруға кеткен шығындарды есепке алудан бас тартуда. Демек статистикалық органдар өнімдердің бағасы туралы мәліметтерді базарлар мен дүкендерден жинайды. Ал Қаржы министрлігі бұл өнімдер әскери бөлімдерге «өздігінен» жетіп, өз бетінше жуылып, сақталып, дайындалып, дастарханға түсу керек деп санайды.
Бұл ретте асханалардың ғимараттары мен жабдықтары өз бетінше және тегін жұмыс істеп, азық-түлік қоймалары өз бетінше дезинфекцияланып, кеміргіштерден қорғалуы керек, аспаздар тегін тамақ пісіріп, басқа қызметкерлер ақысыз негізде ыдыс-аяқ жуып, тазалау қажет екен...
Жүгініп отырған кәсіпорындардың бағалауы бойынша, тамақтандыруды ұйымдастыру өнімдер құнының кем дегенде 50 пайызын құрайды, соған байланысты осы шығындарды шарттарды орындау есебіне енгізу үшін олар былтырдан бері күштік министрліктер мен Қаржы министрлігінің табалдырығын тоздыруда. Алайда, шенеуніктер «тамақтандыруды ұйымдастыру» немесе «тамақтандыру қызметі» сияқты мұндай шығын баптарының жоғын айтып, бұл өнімдердің орташа статисткалық құнынан асатын шығындарды есепке алу мүмкін еместігін желеу етуде. Таза бюракратиялық сылтау екенін атап өту керек.
Соның салдарынан бұл саланың кәсіпкерлері өнімді ең төмен бағамен сатып алуға мәжбүр, бұл Отан қорғаушылардың тамақтану сапасына әсер етуде. Қорғаушылар күшті және төзімді болуы керек, ол үшін күнделікті жаттығуларда мыңдаған к/калорияларды жағып, қалпына келтіру шарт. Оның орнына тамақтандыруды ұйымдастырушылар өз қызметтерінің сапасына қатысты сын тыңдап, бірақ Қаржы министрлігі белгілеген баға шеңберінен асып кетуге мүмкіндіктері жоқ.
Бұл мәселені мемлекеттік басқару тұрғысынан да, оның еліміздің қорғаныс қабілетіне әсері тұрғысынан да маңызды деп санаймын.
Әріптестеріме Қаржы министрлігі мен мүдделі құқық қорғау органдарының өкілдерін шақыруымен «Ақжолдың» парламентттік фракциясы отырысында осы тақырыпты талқылауды ұйымдастыруды ұсындым. Тиісті материалдарды дайындауды сұрадым. Анық-қанығын қарастырамыз.