Мемлекетіміздің Негізгі Заңының 30
жылдығына арналған бүгінгі конференцияда Президент Қ.Тоқаев қазақ халқының
байырғы заңдарынан бастап 2022 жылғы конституциялық реформаға дейінгі
Республиканың құқықтық дәстүрінің тарихи сабақтастығына тоқталып, Қазақстанның
құқықтық жүйесін одан әрі дамытудың әлеуеті туралы нақты үндеу жасады.
Осы тақырыпты қозғай отырып, 1910 жылы
Алаш қайраткері Барлыбек Сырттанұлы әзірлеген «Қазақ елінің жарлығы» жобасын да
дәуірлер тоғысындағы ұлттың іргелі құжатын әзірлеудің алғашқы талпынысы ретінде
атап өтуді қажет деп санаймын. Бұл жоба Әлихан Бөкейханның бастамасымен ХХ
ғасырдың басындағы қиын-қыстау жағдайда қазақ халқының өмірін түбегейлі өзгерту
мақсатын көздеген сол кездегі демократиялық мемлекеттер тәжірибесін жалпылаудың
алғашқы әрекеті болды (https://t.me/peruash/6287).
Өздеріңіге белгілі, «Ақ жол» демократиялық
партиясы 2022 жылы Қ.Тоқаевтың конституциялық реформасын және ең алдымен «Күшті
Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тежемелік пен тепе-теңдік
қағидатын еш ойланбастан қолдады.
Біз бұл реформаны түсіндіру жұмыстарына
барынша белсенді қатыстық: ірі қалалардан бастап шалғай ауылдарға дейін «Ақ
жол» демпартиясының активі сайлаушылар арасында Конституцияның ұсынылып отырған
жаңашылдықтарын түсіндіру үшін жан-жақты ат салысты. Одан бөлек, референдум
өткеннен кейін тура бір апта өткенде «Ақ жол» фракциясының бірінші депутаттық
сауалы Конституцияның жаңа мүмкіндіктеріне арнайы арналған болатын.
Қазақстан халқының жер мен жер қойнауына
меншік құқығы туралы норманың қабылдануына байланысты біз шетелдік
инвесторлармен жер қойнауын пайдалануға арналған барлық келісімдерді (соның
ішінде ірі мұнай-газ кен орындарына арналған ӨБК), сондай-ақ, олардың нақты
бенефициары өз жері мен жер қойнауының толық меншік иесі ретінде Қазақстан
халқы болуы үшін шарттарды жариялауды талап еттік (https://t.me/peruash/6315).
Одан кейін, заңдарды Конституцияның жаңа
редакциясына сәйкес келтіру мақсатында заңнамаға өзгерістер дайындау барысында «Ақ жол» демпартиясы 2022
жылдың 22 шілдесінде түрлі заңдарға 60-тан астам түзетулерден тұратын өз
пакетін әзірлеп, Мәжіліске ұсынды (https://akzhol.kz/kk/blog/r-prezidentn-bil-zhld-16-naurznda-zholdaun-ske-asru-mseleler-bojnsha-zadara-zgerster-men-toltrular-engzu-tural-za-zhobasna-atst-azat-peruashevt-sjlegen-sz-konstituciial-reforma-tural).
Өкінішке орай, олар кейіннен үкімет пен
билік партиясы тарапынан қолдау таппады, бірақ уақыт өте келе олардың көпшілігі
жүзеге асырылатынына сенімдіміз – мысалы, парламенттік партиялардың үкіметті
құруға қатысуы, парламент пен мәслихаттардың өкілеттіктерін одан әрі күшейту
және олардың мемлекеттік бюджетті бақылауы және т.б.
«Ақ жол» демократиялық партиясы
Қ.Тоқаевтың конституциялық реформасымен Қазақстанның саяси жүйесінде орын алған
өзгерістерді, жеке өзінің күш-жігері мен әділетті мемлекет құруға жұмсап жатқан
қуатын жоғары бағалайды.
Иә, кейде бұл әрекеттердің бюрократияға,
тіпті саботажға ұшырайтынын мойындауға тура келеді, бірақ біз парламенттік
саяси партия ретінде алға қойылған мақсаттардың шындыққа айналуы үшін соған
жауаптымыз.
Оның үстіне бүгінде көптеген нәтижелер
айқын көрініп тұр – мысалы, қалалар мен облыс орталықтары әкімдері сайлауының
енгізілуі.
Мәселен, ауыл әкімдерінің сайлауына
келсек, «Ақ жол» демпартиясының 20-ға жуық мүшесі осындай сайлауларда жеңіске
жетіп, бүгінде жерлестеріне абыроймен қызмет етуде. Жоғары деңгейдегі
көппартиялы әкімдер мен түрлі парламенттік партиялардан келген үкімет мүшелерін
көретін күн де алыс емес деп сенеміз.
Қазақстанның прогрессивті және өркениетті
мемлекетке кезең-кезеңімен, бірақ тұрақты түрде айнылуы жолымен сенімді қадам
басып келе жатырмыз деп санаймыз.
Конституциялық реформаның маңызды элементі
саяси жүйедегі ғана емес, сонымен қатар құқықтық жүйедегі де өзгерістер болды.
Атап айтқанда, Әкімшілік-процессуалдық кодекстің қабылдануы мен әкімшілік
соттар жүйесін құру: жаңа Салық кодексін талқылау барысында фракциямыз салық
органдары мен кәсіпкерлер арасындағы салықтық даулар бойынша істерді әкімшілік
соттарға беруді талап етуде, бұл мемлекеттік органдардың мүмкіндіктері мен
олардың әкімшілік ресурстарын жеке кәсіпкерліктің құқықтары мен
мүмкіндіктерімен теңестіреді.
Мұндай жаңашылдықтар қатарына Кассациялық
соттың пайда болуын жатқызуға болады, бұл қазақстандықтардың кейбір жағдайларда
өз құқықтары мен мүдделерін қорғау мүмкіндігін нығайтты.
Тағы бір іргелі шешім Конституциялық
Кеңестің Конституциялық Сот болып қайта құрылуы болды. Біз өз тәжірибемізде
азаматтар мен кәсіпкерлердің заңды мүдделерін бұзған бұрынғы нормалардың
кезең-кезеңімен жойылып жатқанын көріп отырмыз – мысалы, кәсіпорындардағы
функционалдық міндеттерді бөлуді ұйымдасқан қылмыстық топтың белгісі ретінде
айыптау үшін пайдалануға жол бермеу туралы «Ақ жол» демпартиясы мен адвокаттар
қауымдастығының күштік құрылымдарымен көптен бергі пікірталастарын келтіруге
болады.
Бір реттік жеті жылдық президенттік
мерзімді енгізу, Президент туыстарының мемлекеттік органдарда басшылық
қызметтер атқаруына тыйым салу және т.б. конституциялық реформалардың батыл
тұстарын айтпай кетуге болмайды. Бұл талаптар біздің аймақ үшін ғана емес,
жалпы әлем үшін жаңашыл, тіпті революциялық екені сөзсіз.
Жүргізілген құқықтық, саяси және
экономикалық реформалардың арқасында Қазақстан дамудың сапалық жаңа деңгейіне
көтеріліп, мүлдем өзге парадигманы таңдады.
Ал азаматтарымыздың (ең алдымен,
жастардың) спорттағы, ғылымдағы, білімдегі табыстары, жаңа өндірістерді
енгізуі, ұлттық экономиканың өсу қарқыны, ауқымды инфрақұрылымдық өзгерістер –
соның іс жүзіндегі дәлелі.
Мемлекет басшысының барлығының заң
алдындағы теңдігі туралы түбегейлі талабы, оюның үнемі айтып отыратын «Заң және
тәртіп» максимасы - бұл Қ.Тоқаев бағытының негізгі элементтерінің бірі,
идеологиядағы новелла ғана емес, сонымен қатар, көкірек көзі ашық және құқықтық
қоғамға қарай үдемелі қозғалыстың заңды және экономикалық мағынада даусыз шарты
болып табылады (мысалы, заңсыз шығарылған капиталды елге қайтару,
олигополияларды жою мен адал бәсекелестікті қамтамасыз ету).
Адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайту,
өлім жазасын алып тастау, адам саудасы мен нашақорлықпен күрес, мемлекеттің
зайырлылы сипатын сөзсіз қамтамасыз ету бағытын бөлек атап өткен жөн.
Адам, оның өмірі мен құқықтары
Конституцияның басты құндылығы ретінде танылады - бұл декларативті мәлімдеме
емес, нақты норма, Қаңтар қатысушыларына рақымшылық жасау немесе Конституцияның
мерейтойына орай жасалған биылғы рақымшылық сияқты шаралар соны растайды.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Конституция мен
конституциялық құрылыс заман талабына сай мемлекетпен, халықпен бірге дамуы
тиіс тірі организм деп толық дұрыс айтады. Оның үстіне бұл талаптарға
цифрландыру, технологиялардың қарқынды өсуі және т.б. сияқты өркениеттің
жаһандық дамуы талап ететін сыртқы геосаяси сын-қатерлер де (халықаралық
құқықтың байқалып отырған дағдарысы аясында), ұлттың өзінің кемелденуі де,
ұлттық мүдделердің қорғалуы да жатады.
Мұндай жағдайда конституциялық құрылысты
нығайту, экономикалық және саяси өсуді қамтамасыз ету, адам капиталын ауқымды
жаңғырту арқылы Тәуелсіздігімізді қорғай отырып, бүкіл әлеммен бірге дамудан
басқа амалымыз жоқ. Ата Заңда бекітілген құқықтық дәстүр мен әлеуеттің бүкіл
тарихы – ұлтымыздың өркендеуіне кең мүмкіндіктер ашатын қуатты мемлекеттің
тұғырнамасы.
«Ақ жол» демократиялық партиясы барша
қазақстандықтарды және мемлекет басшысын Конституцияның 30 жылдығымен
құттықтайды.
Сүйікті Қазақстанымыз көркейіп,
бейбітшілік бесігінде тербеле берсін.