18 мамыр 2022 жыл, «Ақ жол» партиясы Қарағанды облыстық филиалы
Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов Қарағанды облысындағы Ұлытау ауылы мен
Жезді кентіне барып, халықпен кездесті.
Кездесу барысында депутат алдағы жалпыхалықтық референдумның маңыздылығын ерекше атап өтіп, ҚР Конституциясына Мемлекеттік басқару жүйесін өзгертетін және елдегі саяси өмірге жаңа серпін беретін өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Сондай-ақ, халықты 2022 жылғы 5 маусымдағы бүкілхалықтық референдумға
белсенді қатысуға шақырды.
Мұнан соң депутат кәсіпкерлер палатасында ПИК және МИБ өкілдерімен кездесті. Жиынның тақырыбы
алдағы жалпыхалықтық референдумға арналды, сонымен қатар тұрғын үй қатынастары
(ТҚК) саласындағы реформалау мәселелері қозғалды.
2022 жылдың 1 шілдесіне дейін жойылуы тиіс ПИК – тің орнына басқарудың МИБ немесе ЖС-нысандары құрылады, олардың біреуін әрбір үйдің тұрғындары таңдауға міндетті. Тұрғындар мен төрағалар іс жүзінде МИБ және ЖС жұмысын құру және ұйымдастыру бөлігінде заңнаманың жетілмегендігімен байланысты проблемалар туындайтынын айтты;
ПИК-ті тарату және құрылған басқару нысандарына қаржы-шаруашылық қызметті
беру тәртібі түсініксіз; тұрғындардың өздері болып жатқан өзгерістерге дайын
емес. Кездесу қорытындысы бойынша Мақсат Раманкулов келесі мәселелерді атап
өтті:
- ПИК қызметін қысқарту мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарастыру;
- ПИК-ті үйді басқарудың баламалы нысаны ретінде қарастыру;
- МИБ үшін салық міндеттемелерін жеңілдету нұсқасын қарастыру;
- тұрғындардың қалауы бойынша мақсатты алым ретінде басқару нысанының жинақ
банк шотын қарастыру. Мәжілісімен бұл мәселелер "Ақ жол" партиясы
фракциясының отырысында жарияланатынын айтты.
Сондай-ақ, халық қалаулысы «Қазтұтыну одағы» Қарағанды университетіндегі
кездесуге барды. Кездесуге Қарағанды
университетінің оқытушылармен студенттері қатысты.
Жиында Мақсат Раманқұлов жастардың қазіргі деңгейі, мемлекет үшін жастардың
маңызын, өзін-өзі дамыту ісі туралы өз ойын айтып өтті.
Депутат 2022 жылы 5 маусымда өтетін Конституцияға өзгеріс пен толықтырулар
енгізу жөніндегі республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Өз кезегінде университеттің әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры
Қосман Әбілов оқу орыны туралы айтып, алдағы уақытта да еңбекшілердің,
халықтың, мемлекеттің мүддесін қорғай беруге тілек білдірді.