29
қараша 2024 жыл, Шымкент қалалық филиалы
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының
құрылғанына 30 жыл толуына орай ел көлемінде маңызды шаралар ұйымдастырылып,
жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалар
марапатталуда.
Осы айтулы мерекеге орай «Ақ жол»
Демократиялық партиясының Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары Қуашбаев
Дулат Саттарұлы, Төлегенов Ноян Назарұлы және Тулебаев Исламбек Насруллаұлы
«Жергілікті өкілді органдардың дамуына қосқан үлесі үшін» арнайы белгісімен
марапатталды.
Соңғы отыз жыл ішінде бұл құрылымдар
өңірлердегі экономикалық, әлеуметтік, және мәдени салалардың дамуына ықпал
етіп, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуда ерекше рөл атқарып
келеді.
Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары да осы жылдар ішінде өңірдің дамуына белсенді атсалысып, тұрғындардың мәселелерін шешуге ерекше үлес қосты.